Қазақстан • 04 Қазан, 2017

Қазгидромет: Еліміздің үш облысында жел күшейеді

566 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 4-5 қазан күндері күн райының бұзылуына байланысты еліміздің үш облысында ескерту жариялады. 4-5 қазан күндері түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді.

Қазгидромет: Еліміздің үш облысында жел күшейеді

4 қазан күні Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі. 4-5 қазан күндері түнде Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын болады. Таулы аймақтарда нөсердің соңы қарға ауысады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы кей жерлерде -3 градусқа дейін төмендейді. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.