Аймақтар • 04 Қазан, 2017

Алматыны аялаған «Алтын алма»

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мың жасаған шаһардың сән-салтанаты күннен-күнге арта түскендей сезінесіз. Алматыда  Мемлекеттік орталық  мұражай «Бақыт» сәндік-қолданбалы орталығымен бірлесіп «Алтын алма» Орталық Азия дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеңкесін өткізді.  

 

Алматыны аялаған «Алтын алма»

Бұл көрмеге жыл сайынғы әдетімен Ресей, Қырғызстан, Тә­жік­стан, Түрікменстан және  елі­міздің 150-ден астам қолөнер ше­берлері қатысты. Алматы – алма жәр­меңкесіне айналып жүре берген-ді. Апорттың әдемі иісі айналасына бұрқырап, тәбет ша­қыра түскендей болды. Жеңсік жемістің сәндік қолданбалы өнер шеберлерінің төл туындыларында, зергерлік заттарында, шағын гобелендерінде, киіз бен тері бұйым­дарында өзгеше өрнегін тауып жүре бергені көзіңізге қуаныш ұялатады. Бұл жәрмеңкеде береке мен сәттілікті әкелетіндей елестейді екен. Айшықты қол­таңбалармен ұсынылатын кә­десыйлар тартым­дылығымен өзіне ынтықтыра түсетінін қайтерсіз. Дәстүрге ай­­налған жәрмеңке салтанаты сәндік сөмкелер, ұлттық нақыш­­тағы зергерлік бұйымдар, түрлі ойыншықтар, текеметтер, қызыл­ды-жасылды көрпелер, қолдан жасалған ою-өрнекке толы әс­петті шығарылымдар тартым­дылығымен көз арбайды. Жәрмең­кені ұйымдастырушылар осы арқылы ел ықыласын өзіне аударып алғандай көрінді.

 

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан» 
АЛМАТЫ