Аймақтар • 04 Қазан, 2017

Дариға Назарбаева Ақтаудағы арнайы мектепке барды

504 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік Комитеттінің төрайымы Дариға Назарбаева бастамасымен ҚР Парламент Сенатының депутаттары Ақтау қаласындағы мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін Облыстық мектеп-интернатына барды.

Дариға Назарбаева Ақтаудағы арнайы мектепке барды

Мектепке бару мақсаты осы жазда мектептер қабылдаған түзеу кабинеттеріндегі жаңа арнайы жабдыққа шолу жасау.

Ақтау қаласының облыстық мектеп-интернатында есту және көру қабілетінің бұзылуы бар балалар оқиды. Барлығы мектеп негізінде 137 бала оқиды. Осы жазда Маңғыстау облысының  дамуындағы бұзылулары бар балалар оқитын барлық төрт арнайы мектебі арнайы түзелу және дидактикалық материалдарды алды, ол құралдар балалардың оқу процессін жеңілдетіп релаксация процессіне көмектеседі.  Бұл жерде жұмсақ сенсорлық бөлме де орнатылған – ол балалардың психологиялық педагогикалық сүйемелдеуі үшін арнайы материалдармен жабдықталған.

Кез-келген суретті дөңеске қылдыратын арнайы принтерлер, көздері нашар көретін балаларға мәтінді үлкейтіп қана қоймай, баланың басқа танитын түсіне бояп көмектесетін ұлғайтқыш-сызық; сенсорлы материалдар, нашар еститін балаларға арналған индукциялық шілтер, олар мұғалімнің дауысын балаларға жеткізеді, шарикті бассейндер, моториканы дамытуға арналған материалдар, логопедтік оқыту аппараты – осы және басқа да заттарды Маңғыстау облысының түзелу мектептері алды. Солардың ішінде - « Жанаөзен арнайы жалпы білім және мектепке дейінгі дайындық мекемесі» РММ, «№3 арнайы жалпы білім беретін мектеп» РММ, «№2 арнайы жалпы білім беретін мектеп» РММ, және «Облыстық мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін мектеп-интернат» РММ.

Барлық жабдықтардың еуропалық сапасы бар - Ресей, Германия, Швейцария, Италия және АҚШ.

Арнайы мектептердің оқушыларына осындай сыйлық «Менің елім» Бағдарламасы аясында берілді.  Бағдарлама «Самрұқ-Қазына» АҚ компаниялар тобымен республика бойынша тоғыз облыста іске асырылады. Бағдарламаның үйлестірушісі болып «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры болып табылады.

«Samruk-Kazyna Trust» Қоры – ол біз бірігіп екі жыл бұрын жоспарлаған жоба. Бүгін бұл Қор бірқатар қайырымдылық жобаларды шамамаен барлық өңірлерде іске асырып жатыр, олардың өз жоспары бар.  Ең алдымен, ол түзету мектептеріне деген көмек және спорт аландарының құрылысы, немесе қазіргі таңда бар алаңдарды жабдықтыру. Олар негізі ретінде мектеп алаңдарын және спорт залдарын алады – қайтадан құрылыс жүргізудің, ақша төлеудің қажеті жоқ, тек қана бар спорт залдарды заманауи жабдықпен қамтамасыз ету.  Біз дені сау ұлттың болғаның, балалардың бала кезінен спортқа деген қызығушылығы болғаның және жеңістерге жетуде ыңталары болғанын қалаймыз», - деді Дариға Нұрсұлтанқызы.

Маңғыстау облысынан басқа, жеткіліксіз арнайы жабдықты Павлодар және Алматы облыстарының арнайы мектептері алды.

«Samruk-Kazyna Trust» мемлекеттегі барлық 100 түзелу мектептерін жабдықтандыруды көздейді. Жұмыс өте белсенді түрде жүргізіліп жатыр: кезекте – Ақтобе, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

«Менің елім» Бағдарламасы өңірлердегі өмір сапасын жақсартуға бағытталған,  қазіргі таңда Бағдарлама бес облыста іске қосылды. Маңғыстау облысында 9 жоба іске асырылып жатыр. Ол, біріншіден, түзелу мектептерін жабдықтау. Жалпы біздің мемлекетте 100 түзелу мектебі  бар, біз бірте-бірте барлық мектепті жабдықтаймыз», - деді Ерлан Даримов.