Қазақстан Президентіне кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 440 мың тонна ферроқорытпа өндіруге жететіні баяндалды. Бұл өнім Қытай Халық Республикасына, Еуропа елдері мен АҚШ-қа экспортталады.
Ақтөбе ферроқорытпа зауыты – Қазақстан қара металургиясының ірі кәсіпорындарының бірі. Зауытта 4 балқыту цехы, конвертерлік қорытпа телімі, қалдықты қайта өңдейтін цех пен қосалқы цехтар бар.