Қазақстан • 04 Қазан, 2017

Астанада үй жануарларының екпесі үшін 22 млн теңге бөлінді

333 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жануарлардың екпесіне қала бюджетінен 22 млн теңге бөлінді, — деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Астанада үй жануарларының екпесі үшін 22 млн теңге бөлінді

Қайтарымсыз тегін вакцинаны 1 қыркүйекке дейін «Византия» ветеринарлық клиникасында алуға болады. Бүгінге дейін 1 мыңнан астам жануар екпе салдырды, тағы 4 мыңға жуық ит пен мысық егіледі деп күтілуде.

Мамандардың айтуынша құтырманың негізгі таратушысы жабайы түлкі мен атжалмандар. Ветеринарлардың айтуынша, екпені уақылы жасаса үй жануарларына бұл дерттен қауіп жоқ.

«Астана Ветсервис» ЖШС ветеринария бөлімінің басшысы Ерлан Жекебаевтың айтуынша, құтырмаға қарсы ұдайы әрі тұрақты иммундау аталған кеселдің алдын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір шара.

«Жануарларға адамгершілікпен қарау мақсатында әкімдікпен жануарларды зарарсыздандыруға қаржы бөлінді. Кез келген адам жануарларын тегін ектіре алады. Бірақ қазір басқа дәрі Белорусияда шығарылған «Берлап» дәрісі пайдаланылады», — дейді Е.Жекебаев.

Айта кетерлігі, акция жануарларды зарарсыздандыруды да сөздер отыр. Бұл, «Астана Ветсервис» ЖШС директорының Бибол Бегалинның айтуынша, қаңғыбас иттердің көбеюіне тосқауыл қою үшін жасалады.

«Сенбі күнге дейін 1 020 жануар залалсыздандырылды. Бұл бақылаусыз әрі қаңғыбас иттердің көбеюіне тосқауыл қою үшін жасалуда. Ал аулауға қатысты алар болсақ, көрсеткіштің төмендегені байқалады. Алғашқы жылдары 15 000 ит ауласақ, өткен жылы 9 610 ит құрықтадық. Ағымдағы жылы ауланған жануарлардың саны 5 670 құрады», — деді Б.Бегалин.

Аталған қызметті пайдалану үшін жануардың иесі ит пен мысықты тіркеп, зарарсыздандыратын «Астана Ветсервис» ветиринарлық мекемесіне баруы керек. Акция 1 желтоқсанға дейін жалғасады.