Зауыт Жастар кеңесінің белсенділері пансионаттағы қарттарға кең экранды штеелдік теледидар тарту етті. Кәсіпорын концерт қойып берді. Жалғызбасты ардагерлерге де құрмет көрсетіледі. Металлургтер атынан оларға азық-түлік жиынтығы табыс етілуде. Жер үйде тұратын зауыттың 150 зейнеткеріне қысқа көмір түсіріледі. Бұдан басқа осы күндері «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның бұрын зауытта еңбек еткен 3 мыңнан астам ардагерлері де құттықтаулар қабылдауда. Қарттар күні қарсаңында зейнеткер-алюминшілер үшін ақшалай сыйлыққа 9,1 млн теңгеден астам қаражат жұмсалды. Екі апта бойы кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің ардагерлері мерекелік дастархан басына жиналып, түрлі байқауларға қатысып, би билеп, ән шырқап, уақыттарын көңілді өткізуде.
Кәсіпорын ардагерлер Кеңесінің төрағасы Геннадий Павловскийдің айтуынша, бүгнігі қарттар–кешегі өндірісте шыңдалған металлургтер. Кезінде бірге еңбек еткен әріптесіңді көру қандай бақыт. Бұл зейнтекрлер Қазақстанның металлургиялық өнеркәсіп алыбы болуына алғашқы қадамдарын жасады. Ардагерлер атқарған ұмытылған, ризамыз,- дейді.
Белгілі себептермен бұрынғы жұмыс берушілер назарынан тыс қалған жалғызбасты ардагерлерге де құрмет көрсетіледі. Металлургтер атынан оларға азық-түлік жиынтығы табыс етіледі. Жер үйде тұратын зауыттың 150 зейнеткеріне қысқа көмір түсіріледі.
Фарида Бықай
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген Анастасия Брец