Медицина • 05 Қазан, 2017

«Үшем» қызанақ

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұндай да болады екен, баяғыда мақталы аймаққа жәрдемге барғанда достар бір-біріне егіз мақта тауып алдым деп мақтанатын. Егізді көрсеткен бойда айтқан кітабын әперуің керек болады. Сондай ойын бар еді бала кезімізде. Күзді күні сол есіме түскені, оған себеп бақшалықта қызанақ теріп жүрген қарындасым «үшем қызанақ» деп дауыстады. 

 

«Үшем» қызанақ

Оның келе жатқанын көріп алма ағашының көлеңкесінде сәл аялдадым. Мүмкіндік бол­­май бірнеше жыл қата­ры­нан бау-бақша егілмей қа­лып еді. Содан биылғы көк­темнен бастап егін салуды бас­­­­тағанбыз. Ақсақалдар жа­ғы қимылымызды көріп, еңбек­теріңнің «рахатын көрің­дер» деген. Үлкендердің айт­қаны дөп келді. Енді аз ғана алаң­қайдан шелек-шелек қызанақ алып жатыр. Қарын­дасымның дауысы да бұл жолы жарқын естіледі». «Үшем қы­занақ». Қарасам, қызық, үлкен қауын­ның көлеміндей қы­за­нақты көтеріп келе жатыр екен. «Тәу­­­бе!» – дедім ішім­нен. Би­­­­ылғы берекенің басы бол­сын деп күбірледім. Жаз бой­ғы ең­­бектің қайтарымы шы­ғар. «Үшқоңыр» ауылының құнарлы топырағының әсері ме екен. Мол сулы Қаскелеңнің момын иірімдерінің ықпалы ма деп бір қоямын. Әйтеуір табиғаттың ғажаптығына таң қаласың. Үшем қызанақ...Таң­ғалған күйі таңдана қараймыз.

Жарықтық, табиғатта небір ғажап нәрселердің көптігіне таңыр­қай қараймыз да қоямыз.

 

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан» 

АЛМАТЫ

Суретті түсірген автор

Соңғы жаңалықтар

Енді жолдарға тұз себілмейді

Инфрақұрылым • Кеше