Қазақстан • 05 Қазан, 2017

Үкіметтік емес үйымдар дерекқоры іске қосылды

575 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің үкіметтік емес ұйымдарының (ҮЕҰ) дерекқоры – infonpo.kz интернет-порталы іске қосылды. Бұл өз кезегінде аталған санаттағы ұйым­дар қызметінің ашық­тығын қамтамасыз ететін болады.

 

Үкіметтік емес үйымдар дерекқоры іске қосылды

Тарқата айтар болсақ, таяуда ҮЕҰ-ның қызметі туралы ақпа­раттың қолжетімділігін қамта­масыз ету мақсатында үкімет­­тік емес ұйымдардың дерек­тер базасы құрылған-ды. Азамат­тар ҮЕҰ дерекқоры арқылы осы ұйымдардың қызметіне қатыс­ты қажетті ақпаратты ала алады. Сонымен қатар бұл дерек­қор­дың көмегімен ҮЕҰ-лар бір-бірімен ақпарат алмасып, өзара байланыс орнататын болады. ҮЕҰ дерекқоры үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және олардың жұмысымен халықты ақпараттандыру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеу­меттік келісімшарттарды орна­лас­­тыру, гранттар беру және жүл­­­­делерді тағайындау шең­бе­рін­­де қолдану үшін құрыл­ған ақ­па­рат­­тық алаң болып табылады.
Қазіргі таңда ҮЕҰ дерек­қорында қазақстандық және шетел­­дік 3 мыңдай ұйымның тәжіри­­белері туралы ақпарат көр­се­тілген. ҮЕҰ деректер ба­за­сын­­дағы ақпараттар Дін іс­тері және азаматтық қоғам ми­нистр­­лігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне жыл сайын 31 наурызға дейін ұсынылуы тиіс.

Ақпараттар ҮЕҰ дерекқоры­ның интернет-порталы арқылы (infonpo.kz) пошта арқылы немесе қағаз және электронды БАҚ арқылы ұсынылады. 
Негізінде, ақпаратты интер­нет-портал арқылы беру жұмыс процесін жеңілдетеді, есепті толтырудың дұрыстығына ықпал етеді Айта кету керек, интернет-порталға ұйымның ХҚО-дан (халыққа қызмет көрсету орта­лықтары) алынған ЭСҚ (элект­ронды цифрлы қолтаңба) кілті арқылы тіркелуге болады. 

Дерекқорға ақпаратты ұсын­бау, уақытында бермеу, сон­дай-ақ жалған немесе бұрыс ақпарат берген жағдайда әкім­ші­лік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 489-1-бабына сәйкес,  құқық бұзушылық орын алған жағ­дайда ескерту жасалады, ал қай­та­ланатын болса, 25 АЕК мөл­шерінде айыппұл салынады немесе заң бұзушылық жасаған ұйымның қызметі үш ай мерзімге тоқтатылады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақ­станда бүгінде 19 680 үкі­мет­тік емес ұйым тіркелген, оның 13 879-ы өз қызметін бел­сенді жүргізуде. 

 

Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан»