Медицина • 05 Қазан, 2017

Қайырлы қадам

236 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Республика Парламентінің Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» өткен тыңдау халықтың көңіл-күйін, арман-аңсарын, еліміздің еге­мендікті бекітуге деген мұрат-тілегін дөп бас­қан игілікті бастама болды.

Мәжілістің оты­рысында «Қазақ тілін жаңғыртудың басты көрсеткіші – латын жазуына көшу» деп атап көрсетіліп, бұл қадамның әлем қазақ­тарын біріктіретін маңызды фактор еке­ніне назар аударылуы соның тағы бір жар­қын дәлелі.

Қай ел, қай мемлекеттің де рухани бол­мысын танытатын оның өнері екені анық. Латын әліпбиіне көшу – бұл заман та­лабы. Ал өнер адамдары латын әліп­биін қолдану арқылы әлемдегі ең да­мы­ған өр­кениетті елдермен тереземізді те­ңес­тіре аламыз деген пікірде. Келер ұр­пақтың бо­лашағы үшін жасалған игі бас­таманы қуа­на қабыл алған қазақтың маң­дай­алды өнер майталмандарының барлық БАҚ құ­ралдарында латын әліпбиінің ел тағ­ды­рындағы маңызын көрсетіп, азаматтық ой-пікірін білдіріп жатқаны бүкілхалықтық қолдауға ұласады деп сенеміз. Бір-бірімен танысып, шұрқырасып табысып, түсінісу үшін тілді қажет етпейтін барша ұлттар мен халықтарға өнердің тілі қандай түсінікті болса, ел мен елдің ұғынысуына латын әліп­биі де дәл сондай міндет атқаратынына еш кү­мәнданудың қажеті жоқ. Латын графика­сы жер бетіндегі барлық халыққа ортақ әм­бебап жүйесі арқылы қазақ халқын да әлем­дік кеңістікке батыл бастап бара алады. Латын әліпбиін дамыған мемлекеттердің қатарына кіру үшін жасалған алғышарт деп білемін. 

Ұлттық өнердің қара шаңырағы бола білген М.Әуезов театрының ұжымы бүгінгі – ел болашағы үшін қабылданғалы отыр­ған маңызды шешімге қолдау көрсетіп, елі­міз­дің жаңа әліпбиге көшуіне белсенді атсалысатын боламыз.

 

Ерлан БІЛӘЛОВ,
М.Әуезов атындағы 
Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

АЛМАТЫ