Жиын барысында жазушының түрік тілінде шыққан "Қаралы көш" романы мен "Жүрек неге жылайды" атты әңгімелер жинағының таныстырылымы болды. Сондай-ақ кездесу аясында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы және қоғамдағы рөлі жайында әңгімелер қозғалды.
Салтанатты іс-шараға белгілі жазушылар мен әдебиетшілер, өнер адамдары, сонымен қатар жазушының шәкірттері мен ізбасарлары, сонымен қатар жазушы-жыршы Баянғали Әлімжанов, жазушы-драматург Роза Мұқанова, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлы, ақын Ербол Бейілхан мен танымал журналист Бекен Қайратұлы қатысты.
Жәди Шәкенұлы - жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы мен Еуразия жазушылар одағының мүшесі, халықаралық Шыңғыс хан академиясының академигі. 1967 жылы 5 мамырда Қытайға қарасты Алтай аймағында Ертіс өзені жағасындағы Шірікши ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Алтай аймақтық педагогика мектебін, 1991 жылы Шыңжаң оқу-ағарту институтын, тарих мамандығы бойынша 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантура бөлімін тәмамдаған.