Қазақстан • 06 Қазан, 2017

Ақтөбедегі Рельс комиссиясының отырысында қазақстандық өндіріс жоғары бағаланды

333 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

133 Рельс комиссиясының отырысы «Ақтөбе рельс арқалығы зауыты» ЖШС алаңында Қазақстанда тұңғыш рет өткізілуде. Оған әлемнің 20-дан астам өндіріс, рельстердің сапасын бақылау және пайдалану жөніндегі жетекші компаниялары қатысты.

Ақтөбедегі Рельс комиссиясының отырысында қазақстандық өндіріс жоғары бағаланды

Олардың қатарында Siemens VAI (Австрия),  Mitsui & Co и Nippon Steel (Жапония), ЕВРАЗ Холдинг (Ресей), Kardemir (Түркия), NDT Technologies Inc. (Канада) тағы басқа да компаниялар бар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Инфрақұрылым жобалары жөніндегі вице-президент Б. Орынбасаров ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Маминнің отырысқа қатысушыларға  құттықтауын оқып берді.

1520 жолтабаны кеңістігіндегі рельс өнімдерін дайындау мен пайдалануда Рельс комиссиясының рөлі зор екендігі айта келіп А. Мамин «Ақтөбе рельс арқалығы зауыты Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған Еуразия кеңістігіндегі баламасыз замануи үлгідегі кәсіпорын. Мұнда аса жоғары сапалы бәсекелестікке сай өнім өндіріледі»,-деді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Б. Орынбасаров рельс өндіруді Қазақстанның теміржол көлігі машинасын жасау саласындағы басым бағыттардың бірі екендігін «Қазақстан аумағындағы тұңғыш рельс өнімдерін шығару теміржол көлігі саласының маңызды кезеңі екендігін» атап өтті.

«Ақтөбе рельс арқалығы зауытының өнімдері «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы: Алматы-Шу теміржол желісінің екінші телімі, жаңа Құрық теңіз портының инфрақұрылымы, Астана жаңа вокзалы кешені   құрылыстарында кеңінен пайдаланылуда», дейді Б. Орынбасаров.

Зауыт өнімдері тиісті стенділік, алаңдағы сынақтардың барлығынан өткізілді. Қауіпсіздік, сапалық, техникалық регламент және халықаралық стандарт  талаптарына сай.

 Қазіргі таңда АРАЗ кәсіпорны аумағында жүрдек қозғалысқа арналған рельстің Р65 сыныпты  ДТ 350 және ДТ 350 СС түрлері шығарылады.