Аймақтар • 06 Қазан, 2017

Глубокое ауданында үздік мұғалімдер марапатталды

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Глубокое ауданының орталығы – Глубокое ауылында мұғалімдер күні мерекесі аталып өтіп, өңірдің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді. 

Глубокое ауданында үздік мұғалімдер марапатталды

Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Раджан Сейітқанов ауданда білім саласына айрықша көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, биыл ауданның білім саласына 4 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлініп, 20 мектеп мультимедиялық құрал-жабдықтарға қол жеткізіпті. Мектепке баратын оқушылар саны да ұлғайып, биыл 7 мыңға жетіп жығылыпты. Өңірдегі мыңға тарта мұғалімнің 806-сы жоғары кәсіби білімге ие болса, 180-і жоғары санатты, 289-ы бірінші санатты ұстаздар екен. Осындай деректерді алға тартқан Р.Сейітқанов Уваров орта мектебінің директоры Лика Бозтаеваға, О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебінің директоры Сәуле Досқалиеваға және Черемщанка орта мектебінің директоры Татьяна Коряковаға аудан әкімінің грамотасын салтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар бұл күні өзге де үздік мұғалімдерге аудан әкімінің грамотасы мен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының арнайы төсбелгілері тапсырылды.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Глубокое ауданы    

Суреттерді түсірген автор

 

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30