Аймақтар • 06 Қазан, 2017

Павлодарда «Омар әл-Фарух» мешіті ашылды

848 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жарқыраған жаңа мешіт облыс орталығының солтүстік жақ кіреберісінде орналасқан. Ерекше сәулетімен қала көркіне сән береді.  Әйгілі төрт халифаның бірі,  Омар хазреттің құрметіне «Умар әл-Фаруқ» делінген.

Павлодарда «Омар әл-Фарух» мешіті ашылды

Бұл өңірдегі  99-шы мешіт, құрылысы бір жыл бұрын басталған-ды. Астанадан келген  еліміздің Мұсылмандар діни басқармасынан келген өкіл  Сағитжан қажы Дәулетияр жаңа мешіттің ашылуында  бұл мешіттің ашылуы жамағат үшін  қуаныш. Мешіт-жамағатымен көрікті. Мешітке сыймай жатқан болсаңыздар, ертең одан да көбейе беріңіздер,- деді.

Орталық Мәшһүр Жүсіп мешітінің имамы Нариман Исен жұртшылықты мешіттің ашылуымен құттықтады. Мешіт кітапханасына  Құран Кәрімді тарту етті.  «Омар әл-Фаруқ» мешітінің бой көтеруіне үлес қосқан  қала әкімі Нұржан Әшімбетовке, кәсіпкерлер, Абай Рақымқожаұлы, Шухрат Дандайұлы, Роман Сергеевич, Сүйіндік Жоламанұлы, Гнел Мартиросович, Дмитрий Борисович, Жеңіс-Дәметкен Байбусиновтарға алғыс білдірді. Мешіт аумағы үлкен, үлкен намазхана залы, неке және имамдар бөлмесі бар. Көліктерге арналған автотұрақ бөлінген.

Мешіттің ашылу салтанатына жиналған халық осында бүгінгі жұма намазын оқыды. Жұртшылыққа жаңадан имам болып тағайындалған  Хасан Ташайұлы жұма намазын жүргізді. Намаздан  соң жаңа мешіт құрметіне  «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде Ас берілді.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген Амантай Тойшыбай