Қазақстан • 06 Қазан, 2017

Қазақстан – Армения футбол матчының жанкүйерлері үшін арнайы автобустар бөлінеді

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 қазанда «Астана Арена» стадионында өтетін Казахстан – Армения командалары арасындағы футбол матчының  жанкүйелерін көліктік қамтамасыз ету мақсатында арнайы автобустар бөлінеді. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Қазақстан – Армения футбол матчының жанкүйерлері үшін арнайы автобустар бөлінеді

«Ойынды көремін деушілер «Қазақстан» СК, «Нұр Астана» мешіті, «Жастар» сарайы», «Астаналық цирк» тұрақтарынан сағат 20: 00-ден 21:00-ге дейін жиналады.

Арнайы автобустардың жүру ақысы - 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз», - делінген таратылған ақпаратта.

Айта кетейік, ойын аяқталған соң қалаға № 10, 12, 28, 40, 51, 303 қоғамдық көліктермен жетуге болады. Сондай-ақ, сағат 23.00-ден бастап Қабанбай батыр даңғылы бойынша стадионның тұрағы мен «Астана Арена стадионы» аялдамасында жанкүйерлерді қалаға апаратын автобустар ұйымдастырылады.