Жазғы спорт • 07 Қазан, 2017

«Астана» баскетбол командасында өнер көрсететін ойыншылар таныстырылды

61 реткөрсетілді

Назарбаев Университетінің  спорттық кешенінде «Астана» баскетбол клубының құрамы жаңа маусым алдында ресми түрде таныстырылды.

Клубтың басшылығы бұрын бірнеше жаңа ойыншылармен келісімшарт жасасқан болатын, сондай-ақ, қазақстандық спортшылардың басым бөлігімен бірлестігін созды. Осылайша, «Астананың» намысын 2017/2018 маусымында  қазақстандық Рустам Ерғали, Рустам Мұрзағалиев, Антон Пономарев, Александр Жигулин, Дмитрий Гаврилов, Максим Марчук, Денис Дегтярев, Вадим Щербак, Анатолий Колесников, және легионерлер  Джастин Картер, Ларри Гордон, Ике Удано, Хордура Вильхальмсона, Энтони Клеммонс және Леонидас  Каселакис секілді спортшылар намысын қорғайды.

Клубтың жаттықтырушы штабы да жаңартылды. «Астана» баскетболының басшылығы команданың жаңа бас бапкері етіп грекиялық Костас Флеваракисті тағайындады, ал оның тәлімгер жаттықтырушылары ретінде Костас Папазоглу, Костас Масурас және Михаил Карпенко таныстырылды. 

Іс -шарада баскетбол клубының жаңа ойын формасы және атрибутикасы көрсетілді. Бұдан бөлек, «Астананың» кәсіби баскетболшылары өзінің балалар баскетбол академиясындағы жастары үшін шеберлік сыныбын өткізді.

«Астананың» спортшылары үшін жаңа баскетбол маусымы шын мәнінде қыркүйектің ортасында басталғанын атап айту керек. Команда «Азиаттық Чемпиондар Кубогы-2017» ірі континентальды Қытайдың (Хунань провинциясы) Чэньчжоу қаласында 22-30 қыркүйек аралығында өткен баскетбол чемпионатына қатысты.

Қытайдағы жарыстың қарсаңында команда Литвада оқу-жаттығу жиынын жүргізді. Соның барысында спортшылар литвалық командалармен алты жолдастық матч өткізді.

«Биыл баскетбол командасында көп жаңартылулар болды. Сіздер көргендей, біз бірнеше шетел ойыншыларын қатарымызға қостық. Бұл клубқа көп шығын келтірмеді. Бірақ өзінің тиімділігін өткен аптада аяқталған, Азиада Чемпионы Кубогында көрсетті.  «Астана» бас азиада чемпионатында үшінші орын алды. Қазір балалар жақсы қарқында бастады. Дәл осылай маусым соңына дейін өткізеді деп күтеміз. Біздің спортшыларымыз тағы да клубтың бюджетін қысқарғанына қарамастан, жақсы спорттық нәтижелерді көрсетуге болатындығын дәлелдеді. «Астана» баскетболшылары – бұл Қазақстан ұлттық лигасының чемпионы, Қазақстан Кубогының бес мәрте иегері. Қазақстандағы  кәсіби баскетболдың дамуын бақылай отырып, біз болашақта команданы күшейту үшін кадрлық спорттық резервті дайындаудың қажет екендігін түсінеміз. Білетіндеріңіздей, осы жылдың басында балалар баскетбол академиясын аштық. Қазір онда  200-дей балалар оқып жатыр. Сабақтары  үшін Назарбаев Университетінің екі залы және «Астана» Халықаралық мектебі жабдықталған. Ол жерде баскетболды кәсіби оқытудың барлық жағдайлары жасалған, – деді «Астана» Президенттік клубының қамқорлық кеңесінің Төрағасы, Сенат депутаты Дархан Калетаев.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар