Астанада жазасын өтеушілердің шығармашылық көрмесі өтті

10 қазан – әлемде өлім жазасына қарсылық күні ретінде аталып келеді. Атаулы күнге орай Астанада халықаралық түрме реформасы (PRI) ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігі мен Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігі және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Бостандықтан тыс өнер» атты көрме өтті.

Егемен Қазақстан
10.10.2017 4324
Фото: Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»

Ұйымдастырушылардың сөзінше, шараның басты мақсаты – өлім жазасына балама мүмкіндіктерді қарастыру мен адам құқықтарын құрметтеу, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының тиімділігін арттыру, ерекше санаттағы сотталғандармен қарым-қатынас әдістерін арттыру, сондай-ақ түрме қызметкерлерінің ауыр жұмысының маңыздылығы туралы халықты хабардар ету.

Көрмеде қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеушілердің қолынан шыққан қолөнер бұйымдары көпшіліктің назарына ұсынылды. Олардың арасында өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар да бар. Жазасын өтеушілер түрлі мазмұндағы суреттерді сала отырып, өздерінің жан-дүниесіндегі шынайы толқынысын жеткізген. Ілінген картиналар мен жүрекжарды шумақтар көбіне ана, отбасы, балаға сағыныш тақырыптарына арналған.

Түрмедегі шығармашылықтың бір мысалы ретінде Нобель сыйлығының иегері Александр Солженицыннің Кеңес Одағы тұсында лагерде қамауда отырғанда жазылған «Архипелаг ГУЛАГ» атты тарихи көркем шығармасын айтуға болады. Ал XX ғасырдағы танымал құқыққорғаушы кіші Мартин Лютер Бирмингем түрмесінде отырып хат жолдады. Америкалық рэппер Gucci Mane 2010 жылы өзінің Burrprint 2 альбомындағы кей шумақтарды түрмеде отырып, телефон арқылы жаздырған. Мұндай мысалдардың қатарына, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы сынды Алаш қайраткерлерін де атауға болады.

2003 жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өлім жазасына қатысты мораторий жариялаған болатын. Қазақстанда өлім жазасына тыйым салынғанға дейін 536 өлім жазасы қолданылған. Сондай-ақ, 2014 жылы Қазақстанда өлім жазасынан толықтай бас тарту жайлы мәселелер де көтерілді. Сарапшылар сол кезде өлім жазасының криминогендік жағдайды тоқтатпайтынын айтқан еді. Сонымен қатар, олар өлім жазасына ұқсас жаза ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қолдануға болатынын айтты.

Қазіргі уақытта Қазақстанда барлығы 141 жазасын өтеуші өмір бойы бас бостандығынан айырылған. Елімізде Жітіқарадағы «Қара бүркіт» аталып кеткен УК-161/3 ерекше режимдегі түзету мекемесінде өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтейді. Сотталушыларға қатысты зерттеу жұмысын жүргізген кезде оларға «өлім жазасы мен өмір бойы бас бостандығын шектеудің қайсысын таңдайсыз?» деген сауал қойылғанда, көпшілік өмір сүргісі келетінін айтқан.

Халықаралық түрме реформасы (PRI) ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігінің өңірлік директоры Азамат Шәмбіловтің айтуынша, өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар суицид жасауы, я өзіне залал келтіруі мүмкін болғандықтан психологиялық есепте тұрады. Оларға психологиялық көмек көрсетуде жаңа тәсілдер енгізу керек әрі түрме қызметкерлері, оның ішінде психолог пен психиатр қызметінің жетіспеушілігі күннің өзекті мәселесі ретінде қалып отыр.  Аталған колонияның аға инспектор-психологы, әділет майоры Светлана Щербакова қызметкерлерге әлеуметтік тұрғыда қолдау көрсетудің маңызы жоғары екенін жеткізді.

Қазақстан республикасындағы Еуропалық одақ өкілдігі бірнеше жылдан бері адам құқықтары мен еркіндіктері жөнінде дәстүрлі акция өткізіп келеді. Қазақстандағы Еуропалық Еуропалық одақ өкілдігінің басшысы, елші Траян Христеа «қандай қылмыс жасаған адам болса да оған өлім жазасы кесілмеу керек», деген ой айтады.

«Баршаңызбен осындай маңызды шарада жүздесіп тұрғаным үшін ризашылығымды білдіремін. Еуропалық одақ өкілдігі адам құқықтарын дамыту, бас бостандығынан айыру орындарында қатаң қарым-қатынасқа тосқауыл қою бағытында жұмыс істеп келеді. Өлім жазасына кесу – адамшылыққа жатпайды әрі ақылға қонымсыз жаза», дейді ол.  

Елімізде өлім жазасы әйелдерге, кәмелет жасына толмаған балаларға және жасы 63-тен асқан адамдарға қолданылмайды. Қазіргі уақытта  75 колония мен 18 тергеу изоляторы, 178 уақытша ұстау изоляторы және әкімшілік қамау жазасына кесілген адамдар үшін 28 арнайы қабылдау мекемесі бар. 36 мыңға жуық бас бостандығынан айырылғандардың 90 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін, оның ішінде 27 пайызы адам өлтіргендері үшін, 24 пайызы ұрлық-қарлығы үшін, 10 пайызы дене жарақатын салғандары үшін, 18 пайызы есірткі таратқандары үшін, 8 пайызы адам зорлағандары үшін, 7 пайызы коррупциялық қылмыстары үшін және 6 пайызы басқа да түрлі қылмыстары үшін сотталған.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

11.12.2017

Алматыда «Чунцин келбеті» көрмесі ашылды

11.12.2017

 Петропавлдық сот орындаушылар балаларды анасына күштеп әперді

11.12.2017

Дін тақырыбын жариялау бойынша журналистерге арналған тренинг өтті

11.12.2017

Астанада Қайырымдылық ұйымдар өкілдері мен донорлардың республикалық форумы өтті

11.12.2017

Павлодарда құжаттарды цифрландыру жұмыстары басталды

11.12.2017

Петропавлда «Алаш» партиясының 100  жылдығына  арнап көрме ашылды

11.12.2017

Баянауылда Мырзашоқы тау шаңғы кешені салынуда

11.12.2017

Петропавлда әлем чемпионатының қола жүлдегері жансақтау бөлімінде жатыр

11.12.2017

Мемлекет басшысы бірқатар тағайындаулар жасады

11.12.2017

Путин Сириядан Ресей әскерін шығармақ

11.12.2017

Нью-Йорктің орталығында жарылыс болды

11.12.2017

Назарбаев Парламент Сенатының отырысына қатысты

11.12.2017

Калифорнияда алапат өрттен 200 мың адам зардап шекті

11.12.2017

«Астана» Еуропа лигасында «Спортингпен» кездесетін болды

11.12.2017

Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы қарсыластар анықталды

11.12.2017

Бас прокурор тағайындалды

11.12.2017

Жоғарғы Сот төрағасы тағайындалды

11.12.2017

Бүгін «Астананың» Еуропа лигасындағы қарсыласы белгілі болады

11.12.2017

ШҚО Бесқарағай ауданына жаңа әкім тағайындалды

11.12.2017

Этномәдени бірлестіктер елорданың мерейтойына атсалысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

«Отты нүктелер». Опат болған журналистер

Аумалы-төкпелі мына заманда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері – журналистердің қызметтерін атқаруы барысында қапыда қаза табуы жиілеп кетті. Тіпті алаңдатарлық жағдайға жетті. Халықаралық журналистер федерациясының мәліметтері бойынша, 1990 жылдан бері 2350-ден астам журналист өздерінің міндетін орындау кезінде қаза тауыпты.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Елес пен белес

«Аш бала тоқ баламен ойнамайды» деген аксиомаға айналған қағида бар. Бүгінде еліміздің экономикасы еңсе тіктеп, халықтың әл-ауқаты жақсарса, басқа елдер Қазақстанды терезесі тең әріптес санауға көшсе, оған жеріміздің астындағы мол қазба байлық­тың, сол байлықты кәдеге жарата алғанымыздың зор ықпалы тигені анық. 

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астана мен Алматы арасында «222»-нің азабы бар

Көлігінің доңғалағы тақтайдай асфальт жолға түскенде көңілінің дом­бырасы күй ойнап қоя беретін жүр­гізушінің жайын кім ұғар, шіркін?! Бұл жұмыр басты пендеңіз жыл­дамдыққа неге сонша құмар болды екен?! Ат жалын ұстап желмен жа­рыс­қан ата-бабадан жұққан, қанға сің­ген қасиет-ау, пай-пай... 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Кеңшілік» пен «кемшілік»

Ертеректе ел жаққа барғанымда бір жолдас жігіттің үйінде болғаным бар. Сонда әлгі жолдасым әңгіме ара­сында өзінің талай жыл қоңсы тұ­рып келе жатқан көршісіне деген ре­нішін айтты. Мәселе қалай болған дейсіздер ғой.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Қазақстанның жаһандық жауапкершілігі арта түсті

Жақында Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (ҰҚШҰ) қол қойылғанына 25 жыл, ал осы келісім негізінде оның ұйым ретінде құрылғанына 15 жыл толғанына байланысты мерейтойлық сессия өтті. ҰҚШҰ-ның бас органы – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің осы алқалы жиынында еліміздің аталған аймақтық ұйымға келер жылы төрағалық ететі­ні белгілі болды.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу