Ғылым • 26 Сәуір, 2024

SU студенттері мобильді жер сілкінісі симуляторын құрастырды

157 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жоғары сейсмикалық аймақта орналасқан Алматы қаласы тұрғындары үшін жер сілкінісі үлкен үрей туғызады. Биыл тіркелген жер дүмпулері қала тұрғындарын әбден әбігерге салғаны белгілі. Ғылыми зерттеулер жыл сайын қаладан 80 км радиуста 200-ге дейін әлсіз жерасты дүмпулері болатынын айғақтайды. Мамандардың айтуынша, магнитудасы 2-ден 4 балға дейінгі жер сілкінісі қала үшін фондық режім саналады.

SU студенттері мобильді жер сілкінісі симуляторын құрастырды

Қаланың сейсмикалық жағдайын ескере отырып, түрлі жағдайлардың алдын алу мақсатында Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенттері мен ғалымдары мобильді жер сілкінісі симуляторын құрастырды. Салмағы шамамен 1,5 тоннаны құрайтын құрылғы 7-9 баллға дейінгі көлденең және тік жер сілкінісіне лайықталып жасалған.

Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Энергетика және машинатану институты директорының орынбасары, жоба жетекшісі, техника ғылымдарының магистрі Мақсат Мырзақұловтың айтуынша, Алматы жер сілкінісі жиі болатын аумаққа жататындықтан, бұл платформа жұртшылықты үрейге берілмеуге, жер сілкінісі бола қалған жағдайда өзін дұрыс ұстауға бейімдеуге, оңтайлы шешім қабылдауға ықпал етеді.

п

«Мобильді тренажер университеттің студенттер мен магистранттар жұмыс істейтін техникалық-конструкторлық бюросында құрыстырылды. Осыдан бір жыл бұрын басталған құрастыру жұмыстарын қалада болған бірнеше жер дүмпуінен кейін жылдам аяқтауға тура келді. Университеттің қаржыландыруымен жасалған мобильді платформаны құрастыру тобына 10-нан астам студент қатысты. Оқытушылардың жетекшілігімен әзірленген мобильді платформадағы симулятор жер сілкінісінің көлденең және тік болып келетін толқындарын көрсетеді. Құрылғыны пайдалану барысында ең жоғары режим - 9 баллға жеткізуге болады», дейді М.Мырзақұлов. 

Жақында мобильді платформаны университет ғалымдары Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне тегін пайдалануға берді. Ендігі кезекте ТЖД мамандары осы тренажер арқылы жер тербелісін сездіріп, қала тұрғындарын үрейсіз, нақты әрі дұрыс іс-әрекет етуді үйретеді.

пп

Ғалымың айтуынша, егер мобильді платформа ел қалаларында, орталықтарында қолданылатын болса, тұрғындар жер сілкінісіне мейлінше дайын болар еді. Мұндай құрылғылар шетелдік тәжірибеде де қолданылады. Оның нарықтағы құны шамамен 10-15 млн теңге тұратын болса,  университет ғалымдары құрастырған мобилді платформаның өзіндік құны – 2 млн теңге.

р

 

АЛМАТЫ