Әлем • 11 Қазан, 2017

Каталония басшысы тәуелсіздік декларациясын жариялауды кейінге қалдыруға шақырды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каталония автономиялық провинциясының басшысы Карлес Пучдемон Испаниядан бөліну жөнінде диалогты жалғастыру мақсатында тәуелсіздік декларациясын жариялауды кейінге қалдыруға шақырды, деп хабарлайды ВВС. 

Каталония басшысы тәуелсіздік декларациясын жариялауды кейінге қалдыруға шақырды

Карлес Пучдемонның айтуынша, 1 қазанда өткен референдум кезінде автономия тәуелсіздік жариялау туралы мандат алған. 

"Біз Испанияға қарсы келіп жатқан жоқпыз. Біз дауыс беруге рұқсат сұрап отырмыз. Бірақ референдум нәтижесін іске асыру үшін тәуелсіздік декларациясын жариялауды кейінге қалдыруды ұсынамыз. Біз бүгін диалогқа ниетті екенімізді білдіреміз" деді Каталония басшысы. 

Парламентте сөйлеген сөзінде Каталония лидері тәуелсіздік жариялайды деген болжам айтылған болатын. Алайда, белгіленген мерзім жақындағанда сөз сөйлейтін уақыт қосымша кеңесулер үшін деп бір сағатқа шегерілді.

Испания билігі Каталония басшысының бұл мәлімдемесіне түбегейлі қарсы шықты. Олардың айтуынша, "каталониялықтардың басым бөлігі республика формасындағы тәуелсіздікті қаламайды". 

Естеріңізге сала кетсек, испан билігі мойындамай отырған Каталония тәуелсіздіті туралы референдум 1 қазанда өткен болатын. 

Гүлнұр Қуанышбекқызы,

"Егемен Қазақстан"