Білім • 11 Қазан, 2017

Жаңартылған білім бе­ру бағдарламасын ата-аналар жақсы қабылдады

1952 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

2016-2017 оқу жылынан бері жаңартылған білім беру аясында жалпы білім беретін оқу бағдарламасы іске асырылуда. Бұл жаңа жүйе халық тарапынан түрліше қабылданып жатқаны рас. Консерваторлар тың жүйеге түсінбеушілік танытса, жаңалыққа жаны құмар, алға ұмтылушы жаңашылдар қуанышпен қарсы алып, үздіксіз үйреніп, бағдарлама ерекшелігін бағалауда. 

 

Жаңартылған білім бе­ру бағдарламасын ата-аналар жақсы қабылдады

Ең бастысы, біз ХХІ ғасыр балаларына заманға сай білім беруге бет алдық. Әр адам заманға сай табысты да білімді болу үшін қандай дағдыларды меңгеруі керек? Әрине, әр ха­лық ең бірінші өз тілін жетік білуі керек, еліміздегі халықтар достығын нығайтатын орыс тілін және халықаралық ағыл­шын тілін білу маңызды.

Қа­зіргі таңда жаңарған бі­лім бе­ру бағдарламасында осы үш тіл де жаңа жолға қойыл­ған­дығын ата-аналар мен ұс­таз­дар жақсы қабылдады. Үкі­мет тарапынан үш тілді білім беруді ұйымдастыру мақ­сатында қаржы бөлініп, ұс­таздарға қосымша ағылшын тілі үйретілуде.
Болашақта жоғары деңгей­дегі білікті мамандарға сұраныс артатыны белгілі екенін ұстаздар жақсы түсініп, білім жетілдіруге ұмтылуда. Өз кәсібінің шебер­лері көбейгенде ғана еліміз те­зі­рек дами түсері анық. Әр маман өзіндік ерекшелігі бар шешім қабылдауды меңгере білсе, оған ұжымы да, отбасы мүшелері де түсіністік танытса, еліміздегі білім деңгейімен бірге экономикалық көрсеткішіміздің де жоғарылай түсетіні белгілі. 

Әлбетте, жаңартылған бі­лім бағдарламасына көшу оңай шаруа емес. Дегенмен ұс­­таз­дар қосымша курстарды оқып, барынша алға ұмтыла тү­­суде. Әдістемені өзгерту, оқу­­лықтарды қайта шығару оңай емесі түсінікті.  Әр қолға алынған істің бастапқы кезеңінде қиыншылықтар, қателіктер болуы заңдылық. Тек дер шағында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шы­ғарып, болашаққа сеніммен қа­рап, заманға сай болу үшін бірлесе еңбектенгенде ға­на үл­­кен нәтижелерге қол жеткі­зе­тініміз анық.

Әрине, бар білгенін бала­лардың бойына сіңіріп, білім нәрін егіп жүрген ұстаз жұмы­сының жеңіл емесі белгілі. Со­ған қарамастан ел болашағы үшін бар ынтасымен жаңалық атау­лыны жылдам қабылдап үл­геретін ұстаздар қауымы – қо­­ғамды алға сүйреуге атса­лы­сып отырған үлкен күш. Өзім басшылық ететін білім ұя­сындағы, яғни Шәкәрім  Құ­дайбердіұлы атындағы №190 жал­пы білім беру мектебінде ең­бек етіп жүрген бастауыш сынып мұғалімдері Эльвира Ан, Келбет Үмбеталиева сынды жас ұстаздар биылдан бастап енгізіліп жатқан жаңа бағдарлама ерекшеліктері мен оқу-құрал әдістемелерінің өз­деріне де, оқушыларға да өте қолайлы екенін айтып, өз өті­ніштерімен биыл да бірінші жә­не екінші сыныптарға қуана дә­ріс беріп жүргенін айтқым ке­леді. Еңбегінің жемісті болуы үшін жан-тәнімен құлшына жұ­мыс істейтін маманның кім­ді де болса қуантатыны анық. Әсіресе, мұғалімдік маман­дық­та мұндай қасиеттің бір­ден бай­қалып, ата-аналар тарапы­нан да, балалар тарапынан да разылыққа бөленетіні рас. Жаңа бағдарламаға түсінбес­тік танытқан ата-аналар да кез­десетінін жасырмаймыз.­ Олар­ға семинар, жиналыс және же­ке дидарласу арқы­лы жа­ңа­ бағ­дарламаның артық­шы­лық­тарын тү­сіндірудеміз.  

Жаңартылған оқу бағдар­ламасы мұғалім шығарма­шы­лығына еркіндік бере отырып, шынайы өмірмен байланысты­ түзілгенін атап өту керек. Оқу барысында ұстаз да, оқушы да бас­ты рөл атқарып, ұстаз оқу­шыны өз бетінше көп ізденіп, кө­бірек мәлімет жинауға ынталандыратыны қуантады.
Білім алушылардың оқу же­тіс­тіктерін бағалауда да үл­кен ерекшелік бар. Жасырары жоқ,­ бастапқы кезде критерий­ бойынша бағалау және жиын­тық бағалауда қамту ісінде бі­раз түсінбеушілікке тап бол­ғанымыз рас. Дегенмен, «Өрлеу» БАҰО АҚФ және Педа­гогикалық шеберлік орта­лығының  ұйым­дастырған білім кө­теру курс­тарының арқасында бұл мәселе де шешімін тапты.  

Оқушы үшін әр сабақ білім әлеміне саяхатқа шыққандай әсер қалдыруы тиіс екенін түсіне білген мұғалім жұмысының нәтижесі жаман болмайтыны анық. «Бес саусақ бірдей болмайды» демекші, бағдарламаны толық меңгере алмайтын оқу­шылармен қосымша жұмыс істеу де жаңа бағдарламада қа­рас­тырылған.

Сәбила ЕҢСЕПБАЕВА, 
Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы 
№190 жалпы білім беру мектебінің директоры, 
Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкері

АЛМАТЫ