Ауа райы • 05 Мамыр, 2024

Бұршақ жауып, үсік жүреді: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 5 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұршақ жауып, үсік жүреді: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнгі уақытта елдің солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Елдің батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста дауыл, оңтүстік-шығыста бұршақ, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-батыста тұман болады. Түнде Ақтөбе, Қостанай облыстарында 1-6 градус үсік жүреді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Атырау облысының солтүстігінде, батысында, Ақмола облысының солтүстігінде 2 градус үсік жүреді. Солтүстік Қазақстан облысының батысында 3 градус үсік жүреді.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының шығысында, орталығында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында Ақтөбе, Абай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.