Қазақстан • 12 Қазан, 2017

Рухани жаңғыру ел бірлігінсіз жүзеге аспайды - ЕҰУ ректоры

398 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Елбасы идеясынан туындаған Рухани жаңғырудың түпкі мақ­саты – елімізді мықты әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт ретінде жарқын болашаққа жеткізу. 

 

 

 

G

M

T

 

 

Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский

 

АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Звуковая функция ограничена 200 символами

 

 

Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

Рухани жаңғыру ел бірлігінсіз жүзеге аспайды - ЕҰУ ректоры

Осы ретте жұрт­шы­л­ық­тың сана үйлесімін жетілдірудің нақты қадамдары Елба­сының тарихи бағдарламалық мақаласында айқын көрсе­тілген. Сондай қадамның бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне ауыс­тыру. Президентіміз айқын көрсеткендей: «Қоғамдық сана жаң­ғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруі­мізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді». Міне, латын әліпбиіне өтудің тарихи маңызы да осында.  

Латын әліпбиі қазақ тілі үшін жат емес. Ата-анамыз осы әліп­бимен білім алды. Тіпті қазір де 1930-1940 жылдардағы дерек­терді осы әліпби арқылы аламыз. Алайда ол жылдардағы әліп­бидің тарихи жолы, тарихи саба­ғы бар. Мысалы, ондағы 29 әріп­тің ішінде «ң» дыбысын баспаға түсіру қиындық кел­тірді, «ы» дыбысының таң­басы латынша емес «ь» (кейінгі жіңіш­келік белгідей) болды т.б. Бұл латын әліпбиінің қазақ емлесі мен орфоэпиясына келмей­тін тұс­тарының көп екендігі тура­лы пікірталас кирилл әрпі­не көшкенше жалғасқанын ғалым­дар жақсы біледі. Соның салдарынан болар, 1940 жылы орыс тілі негізіндегі 42 әріптен тұратын күрделілеу кирилл әліпбиіне көшуге тура келді. Соңғы ширек ғасырды сол әліпбидің тиімді тұстарын да, кемшілігін де сараптан өткізгендейміз. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Бо­ла­­шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты бағдарламалық ма­қа­ласында: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақ­тай білу. Онсыз жаңғыру деге­ніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деп халық көке­йіндегі сөзді ашық айтты. Ұлт­тық кодты сақтайтын, жаң­ғыр­татын – ұлттық тіл. Демек қо­ғам­дық сананы жаңарту үшін, рухани жаңғыру үшін тілі­міз­ге реформа жасау – зама­науи ақпараттық қоғамда білім куль­­тін көтеруге өте қажет іс­тің бірі. Ел­басы сөзімен айт­қан­да: «За­ма­на сынынан сүрін­бей өт­кен озық  дәстүрлерді табысты жаң­ғыру­­дың маңызды алғышарт­тары­­на айналдыра білу қажет».

Осы жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Пар­ла­ментінде қазақ тілін латын әліп­биіне көшіру мәселесі күн тәртібіне қойылып, қазақ-латын әліпбиінің ұсынылған көп­теген жобалары негізінде бел­гілі мамандар айқындаған ор­тақ нұсқа ұсынылды. Бұл нұс­қа­ның мақсаты да – тілімізді жаң­ғыр­туға ықпал ету. Шетелдік тәжі­рибелер де ескерілгені айтыл­ды. Сөйтіп, 25 әріп пен 8 қосар әріп­тен (диграф) тұратын әліпби баспасөзде жарияланды. Бұл ұсы­ныс­ты кейбір ғалымдар «тәжі­рибе нұсқасы» деп айдарлады. 

Елбасының көрегендігі сон­да – Парламент тыңдалымына ұсынылған нұсқаны да халық талқы­лауына салғызды. Талқы­лауға жас-кәрі, үлкен-кіші – бәрі де қатысты. Көпшіліктің ойлан­ғаны – қосар әріп пен кейбір ды­быс­тың бейбалама таңбамен берілу жайы еді. 

Қазақ тілінің жалғамалы тіл екені мәлім. Сондықтан «жа­зылған сөздің ұзындығы қабыл­дауға қиындық келтіреді» деген және «қосар әріптің әр әрпі оқылу­да дербес қабылданып кетуі мүмкін» деген пікірлер ор­таға салынды.

Осы орайда Мемлекет бас­шы­сы: «Әлемде ешбір ел жаңа әліпбиін бүкіл халық болып талқы­лаған емес. Бізге әр адам­ның пікірін білу маңызды. Латын­ға көшу мәселесіне қатыс­ты 300-ден аса ұсыныс түсті. Жастардың бұл процесті қолда­ғаны қуантады» дегені байып­тылықтың бағдары еді.
Л.Н. Гумилев атындағы Еура­зия ұлттық университетінде де қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру ісі Елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиясы ая­сында талай ғылыми семи­нар­ларда талқыланды. Универ­ситеттегі «Жасанды зерде» ғылы­ми-зерттеу институты осы бағыт­та үлкен ғылыми жоба орын­дады. Институт, негізінен, бұл та­қы­рып­ты компьютерлік техно­ло­­гия­ларға сүйеніп зертте­ді. Осы жо­ба­ның кезеңдік нәтиже­лері Қазақ­стан қоғамына кең ұсынылды. 

Біздің ғылыми семинарларда латын әліпбиінің қазақша сөй­леуіне қатысы, әліпбидің семио­тика­лық көріністері, ақпарат­тық техноло­гиямен етене­лесуі сияқты келелі мәселелер қарал­ды. Парламент тыңдауына ұсынылған әліпби нұсқасы да университет назары­нан тыс қалған жоқ. Пікірталастар қорытындысы, мамандар ұсыны­сы дер кезінде Білім және ғы­лым министрлігіне жолданып отыр­ды. Ғалымдарымыздың ор­тақ пәтуасы – латын әліпбиінің қазақ тілі үйлесімділігін жаңа­дан жаңғыртуға ықпал етуін қол­дау ыңғайында. Шетелден ша­қы­рылған профессорларымыз, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЮНЕСКО кафедраларының мамандары қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіруді терең түсіністікпен қолдады. 

10 қазанда Елбасы мемлекет­тік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру тобы­ның мүшелерімен кездес­кенде таласты мәселенің бәрі де оңтайымен шешілді деп сенім­мен айта аламыз. Жаңа нұсқада қосар әріптер жоқ, оның орнына дәйекше белгісі (апостроф) алыныпты. Дәйекше қою – жазылған сөзімізді ықшам ету үшін дұрыс табылған амал. Оның үстіне дәйекше қойғанда компьютер­дің әріптік тақтасынан тысқары шықпаймыз. Дыбыс табиғаты мей­­лінше анық көрсетілген.

Жаңа нұсқа жарияланысы­мен білім саласы мамандарына ұна­ды. Оны қолдаушылар әп-сәтте ойын БАҚ-та жариялады. Жалпы дәйекше жазу тарихымызда А.Бай­­тұрсынұлы заманында да бо­л­ға­нын ұмытпалық.

Латын негізді қазақ әліпбиі – уақытпен бірге толығатын, жетілетін әліпби. Икемді, ұтқыр әліпби – ұлт тілін өркендетудің жаңа тынысы. Мемлекеттік тілді өзге тілділерге үйретудің тамаша амалы. Ғалымдар өзгеше назар аудару өзге тілді жеңіл үйренуге апарар жол деп есептейді.

Рухани жаңғыру ел бірлігінсіз жүзеге аспайды. Өзге этностар да қазақ тілінің латынша жазылуы мәнін, мақсатын отаншыл­дық өреде түсінгеніне көп мысал кел­тіре аламыз. Елбасының мына ойы олардың да көкейінен шық­ты: «Қазақ тілін латынға ауыс­тыру орыс тілділердің, орыс тілінің және басқа тілдердің құқығына ешқандай нұқсан келтірмейді. Орыс тілі кирилл жазуында қала береді. Жаңа әліпбиге өту қазақ тілін үйренуді жеңілдетеді».
Жалпы жазу тарихы – сана мен сапа тарихы. Әр қоғам ком­муникацияның жаңашыл мүм­кіндігін іздейді. Жаңа әлем­дегі жаңа Қазақстан байыр­ғы және кейінгі дәстүр сабақтастығын үзбей, жасампаздықпен алға дами беретін болады. 

Ерлан Сыдықов,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик