Дереккөз мәліметінше Бәделхан Қабдісіләмұлы жаңа жасақталған Үкіметке Құрылыс және қала құрылысы министрі лауазымына тағайындалмақ.
«Моңғолия қазақтарынан 21 жыл бұрын Инфрақұрылым министрі лауазымын Сандалхан Раздықұлы атқарған болатын. Бұдан кейін вице-министр лауазымына бірнеше саясаткерлер тағайындалып отырғанымен, министр лауазымы ешбір қазаққа бұйырған жоқ. Бәделхан Қабдісіләмұлы бұған дейін Баян-Өлгей аймағының әкімі, Парламент мүшесі, өнеркәсіп вице-министрі лауазымдарын атқарып келген», -деп жазады ақпараттық портал.
Аталған сайттың жазуынша, Моңғолияда 7 қыркүйекте шақырылған кезекті сессия отырысында премьер-министр Ж.Эрдэнэбат (Ердінбат) отставкаға кетіп, 4 қазанда У.Хүрэлсүх (Күрелсүк) Моңғолияның Премьер-министрі болып тағайындалған.