Сурет: KazFootball.kz
Ақтық ойын Ақтөбе қаласында өтіп, 1:0 есебімен «Қайраттың» пайдасына шешілді. Ойындағы жеңіс голын 70-минутта Жерар Гоу соқты. Сөйте тұра, жалғыз голдың авторы ойынның соңғы минуттарында трибунаға көрсеткен қылығы үшін ойыннан қуылды. Бұл кезде ол тың ойыншы Чума Аненеге жол беріп, ойынды сырттан тамашалауға дайындалып жатқан.
Бір қызығы, «Қайраттың» 36 жастағы жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин ұлттық кубокты алғаш рет жеңіп отыр. Ресейлік «Зенит» пен «Кубань», ағылшынның «Арсенал» клубтарында өнер көрсеткен Аршавин команда сапында көптеген жетістікке жеткенімен, ұлттық кубокты ешқашан ұтып көрмепті.
«Қайрат» - Қазақстан кубогын осымен 8-рет иеленіп, рекордсмен болып отыр. Өткен жылы кубокты «Астана» иемденген.