Әлем • 15 Қазан, 2017

Қырғызстанда президент сайлауы қалай өтіп жатыр?

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сағат 10.00-дегі ақпарат бойынша, барлығы 226 616 адам дауыс берді, деп хабарлайды Қырғызстан ОСК баспасөз қызметі.

Қырғызстанда президент сайлауы қалай өтіп жатыр?

Қырғызстан ОСК сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы алғашқы мәліметтерді ұсынды.

Қырғыз Республикасы президентінің сайлауында, сағат 10-дағы мәлімет бойынша, 226 616 адам дауыс берді. Бұл тізімдегі сайлаушылардың 7, 49%-ы.

Әсіресе, Ош қаласының сайлаушылары белсенділік танытуда, мұнда сайлаушылардың 10,35%-ы дауыс берген. Ыстықкөл облысында – 8,08%, Нарын облысында – 8,08%, Талас облысында – 8,44%.

Бішкек қаласында – 7,02%, Ош облысында – 7,40%, Джалал-Абадта – 7,06%, Баткен облысында – 7,73%, Шу облысында – 6,91%.

ҚР СІМ мәліметі бойынша, шет елдерде сайлаушылардың 1,28%-ы дауыс берген.

Қырғызстан ОСК ақпаратынша, сайлаушылардың жалпы саны – 3 млн 025 мың 786 адам.