Қырғызстан ОСК сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы алғашқы мәліметтерді ұсынды.
Қырғыз Республикасы президентінің сайлауында, сағат 10-дағы мәлімет бойынша, 226 616 адам дауыс берді. Бұл тізімдегі сайлаушылардың 7, 49%-ы.
Әсіресе, Ош қаласының сайлаушылары белсенділік танытуда, мұнда сайлаушылардың 10,35%-ы дауыс берген. Ыстықкөл облысында – 8,08%, Нарын облысында – 8,08%, Талас облысында – 8,44%.
Бішкек қаласында – 7,02%, Ош облысында – 7,40%, Джалал-Абадта – 7,06%, Баткен облысында – 7,73%, Шу облысында – 6,91%.
ҚР СІМ мәліметі бойынша, шет елдерде сайлаушылардың 1,28%-ы дауыс берген.
Қырғызстан ОСК ақпаратынша, сайлаушылардың жалпы саны – 3 млн 025 мың 786 адам.