Әлем • 15 Қазан, 2017

Сомалиде теракт болып кемі 189 адам қаза тапты

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тағы 200-ге жуығы жараланды, деп хабарлайды i24 News телеарнасы.

Сомалиде теракт болып кемі 189 адам қаза тапты

Сомали астанасы Могадишода жарылыстан қаза болғандар саны 189 адамға жетті, тағы 200-ге жуығы жараланды.

Сенбі күні халық көп жүретін көшелердің бірінде қонақ үй жанында жүк көлігі жарылды. Көлікке жарылғыш зат қойылған.

ТВ ақпараты бойынша, Сомали президенті Мохамед Абдуллахи Мохамед елде үш күндік қаралы күн жариялады.

БАҚ полицияға сілтеме жасап Могадишода екінші жарылыс болғанын жазды. Жарылыс дәл сол ауданда болған, алайда қаза тапқандар жоқ. Құқық қорғау органдары жарылғыш заттар табылған автокөліктің жүргізушісін ұстады.