28 Қазан, 2011

«Ұлттық кино күнінің» ғибраты мол болды

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Қазақстан халқы Ассамблеясы Тараз қаласында «Ұлттық кино ­күнін» өткізді. Бұл іс-шараға атақты киноактерлер, режиссерлер, мәдениет қайраткерлері, облыс­тағы этномәдени бірлестіктері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Облыс орталығындағы «Ұлтық кино күні» Елбасы Н. Назарбаевтың балдәурен балалық шағы мен есею жылдарына арналған «Менің балалық шағымның аспаны» фильмімен басталды. «Ұлттық кино күні» аясында көрсетілген фильм­дерден соң көрермендер сауалдарына орай кинорежиссер Керімбек Ниязбаев, талантты киноактерлер Нұржұман Ықтымбаев, Болат Қалымбетов және  кинорежиссер Сәбит Құрманбеков еліміздегі кино өнерінің тәуелсіздік тұсындағы табыстары туралы қызықты да ғибаратты әңгімелер айтып берді. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Тараз.