Қазақстан • 17 Қазан, 2017

Елордалық полицейлер 10-қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарып қалды

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлері кіші лейтенант Қайыржан Құттыбаев пен аға сержант Максим Вершинин бес жасар баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елордалық полицейлер 10-қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарып қалды

«Кеше сағат 16:00 шамасында Астана ІІД жедел басқару орталығының пультіне, Тлендиев 36 көшесіндегі оныншы қабаттан төменге қарап құлап кеткелі тұрған бала жылап тұр, деген хабар келіп түседі. Біз оқиға болған жерге келіп, «Ұлытау» ПИК инженерлерімен жолығады. Бәріміз бірге 10-шы қабатқа қарай жүгірдік. Дәл сол күні электрді жоспарлы сөндіруге байланысты лифт жұмыс істемей тұр екен. Есік арқылы біз баламен сөйлесіп, балконнан ішке кір деп айттық. Онымен сөйлесіп, тыныштандырдық. Әңгіме барысында ол бізге атының Әнуар екенін айтты», - дейді Максим Вершинин.

Біраз уақыттан кейін баланың ата-анасы сеніп «қарай тұр» деп тапсырып кеткен туысқаны келді. Ол баланың кішкентай қарындасын алып, дүкенге шығып кетіпті. Сол уақытта бала оянып кетіп, балконға шығып айқайлап жылаған әрі ашық тұрған терезеден түсіп кете жаздаған.

«Үйдің тұрғындары атынан ТЖМ мен жедел жәрдем қызметінен бұрын келіп жеткен полицейлерге алғысымызды білдіргіміз келеді. Олардың кәсіби әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаның алдын алды», - дейді «Ұлытау» ПИК инженері Раушан Қарбаев. 

Полицейлер ата-аналармен болған оқиға туралы профилактикалық әңгіме жүргізіп, кішкентай баланы қараусыз қалдыруға болмайтынын, сондай-ақ, терезелерді арнайы қорғайтын бекіткішпен қамтамасыз етулерін ескертті.