Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуал жайлы айта келіп, президент Атамбаев бұл жолы Назарбаевтың айналасындағыларды сынады.
«Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы қызбалықпен айтқаным дұрыс болмаған сияқты. Ол да мен сияқты сенгіш», - деді Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. Сонымен бірге Қазақстанның латын әліпбиіне қатысты соңғы шешімінің де тегін емес екенін қосты.
Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев 7 қазанда Бішкек маңындағы Ала-Арча мемлекеттік резиденциясында ел азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде Қырғызстан президенті сайлауына қатысып жатқан жекелеген кандидаттармен бірге Қазақстан билігін де сынаған еді.