2011 жыл біздің ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойының атап өтілуімен ерекшеленеді. Осы уақыт аралығында қазақстандықтар елімізде және өз өмірлерінде болып жатқан айтарлықтай өзгерістердің куәгерлері болды. Елдің ұлылығы қарапайым азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешуден басталатындығына көпшілік келісетіні сөзсіз. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің дамуы нәтижесінде қанша адам баспаналы болды десеңізші!
Баспаналы болуға немесе тұрмысты жақсартуға қол жеткізу үшін нарықтағы ұсыныстарды мұқият зерттеу керек. Бір таныстарымыз ғаламтордың көмегімен пәтерді несиеге алудың барлық жолдарын қарастыруды қолға алды. Түрлі ақпараттық нұсқаулар ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі жөнінде толық ақпарат орналастырылған Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ресми сайтына көңіл аударды. Банктің электронды парағында қолданыстағы жинақ жүйесінің толық ақпараты және айналымдағы мөлшерлемелер мен несиелер көрсетілген.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі туралы тұтынушылар мен салымшылардың пікірлері жазылған форумдар оның аса қызығушылығын тудырды.
Мысалы Самат Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметкерлерінің кәсіби дайындығы мен сапалы көрсетілген қызметі үшін дән риза. Өйткені, тұтынушы үшін ең маңыздысы – оған ілтипат пен сергектік көрсеткен банк қызметкерлерінің назары ғой. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне салымшы болған Самат былай жазады: «Бір күні жұмыстан келе жатып, кірпіштен салынып жатқан жаңа көп қабатты тұрғын үйге көз салдым. Білесіздер ме, ғұмырымда алғашқы рет дәл осы үйде тұру ықыласын ішкі даусым сездірді.
Отбасы құруды қиялдаған әр жас адам сияқты мен де үйленуге бет бұрдым. Алайда, өмір өз түзетулерін жасап отырады емес пе! Қиындықтар бірден тап болды, себебі тұрмыс жайын жақсарту қажеттілігі туды. Тұрғын үй мәселесі біздің отбасының басты мәселесіне айналды. Өйткені, үйленгеннен бастап пәтерді жалға алуға, жатақханадан жатақханаға көшіп-қонуға мәжбүр болдық. Мені жаңа отау құрғандар түсінетін болар.
Бір күні зайыбымыз екеуіміз теледидарда көрсетіліп жатқан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тарифтік бағдарламалары мен тұрғын үй несиелерінің төменгі пайыздары туралы жарнамалық жүгіртпесін көрдік. Ұсынысқа қатты қызықтық, қаражаттың ипотеканың алғашқы салымына жетпегендігіне қарамастан, жайлап ақша жия бастаған едік. Қысқасы, тұрақты келешекке үмітіміз пайда болды. Зайыбымызбен бірге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жақын бөлімшесінен кеңес алуды жөн көрдік.
Банкте заем алудың үш түрі таңдауға беріледі екен. Сыйақы мөлшерлемесі 3,5 пайыздан 5 пайызға дейінгі тұрғын үй заемы (жылдық тиімді мөлшерлемесі 3,6 пайыздан 5,3 пайызға дейін), алдын-ала жинақтау заемның 50 пайызын құрауы тиіс; аралық тұрғын үй заемын алу үшін алдын-ала жинақтау заемның 50 пайызын төлесе, сыйақы мөлшерлемесі 8,5 пайыздан 9,5 пайызға дейін (жылдық тиімді мөлшерлемесі 15,7 пайыздан 17,5 пайызға дейін); алдын ала тұрғын үй заемының сыйақы мөлшерлемесі 10-11 пайыз аралығында (жылдық тиімді мөлшерлемесі 15,1 пайыздан 17,3 пайызға дейін), заемның бұл түрі үшін алдын ала жинақтау керек емес екен.
Ең алдымен заемның шартты сомасын анықтаған жөн. Банк өз клиенттеріне жинақ мерзімі 3-3,5 жыл, 5,5 жыл, 8,5 жыл және 15 жылдан тұратын «Бастау», «Өркен», «Кемел», «Болашақ» атты төрт тарифтік бағдарламасын ұсынып отыр. Салым шеңберінде жылдық 2% (жылдық тиімді мөлшерлеме мөлшері 12,7%-ға дейін жетуі мүмкін) сыйақы тағайындалады. Жыл сайын мемлекет тарапынан бөлінетін 200 АЕК (айлық есептік көрсеткіші) дейін 20% мемлекет сыйлықақысы бұған орынды дәлел бола алады. Қазақстандықтардың баспана мәселесін шешу – мемлекеттік маңызы бар іс екені сөзсіз!
Міне, сөйтіп тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің салымшысы болуға шешім қабылдадық. Ұсынылған барлық бағдарламалар ішінен 5,5 жылдық жинақ мерзімі ойластырылған «Өркен» тарифіне тоқтадық. Өз төлемдерімізді ескере отырып, шарт сомасы 1 000 000 теңгені құраған жағдайда, айлық жинақ салымы – 7 500 теңгеге (0,75% * 1 000 000 теңге) теңеледі, ал тұрғын үй несиесін өтеу мөлшері– 5 000 теңгені (0,50% * 1 000 000 теңге) құрайды. Пәтерге қаражат жинақтай аламыз, – деген үмітіміз күннен-күнге күшейе түсті. Сөйтіп, зайыбымыз екеуіміз Халық Банкінің төлем карточкасының иегері болғандықтан, жинақ жүйесі жеңілдеді, себебі айлық салымдарды банкоматтар арқылы лезде төлеуге болады. Әрине, банкоматтардың да істен шығатын кездері болып тұрады, бірақ төлем операцияларын жүзеге асыратын Қазпошта бөлімшелері әрқашан жаныңнан табылады.
Сөйтіп, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің арқасында біздің өмірімізде жағымды өзгерістер пайда болды. Аз уақыттың ішінде жұмыста лауазымым жоғарылап, онымен бірге салымдар да көбейе бастады. Бастапқы қажетті салымды да алдын-ала жинақтау қолдан келе бастады. Осы мезетте, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2011 жылдың 1 шілдесінен 25 желтоқсан аралығында мөлшерлеме жеңілдігі туралы хабарлады. Бұл ең алдымен алдын-ала және аралық тұрғын үй заемына қатысты еді. Жинақсыз баспана алам деушілерге алдын-ала тұрғын үй заемы қарастырылған. Аталған несие бойынша мөлшерлеме пайызы – жылдық 11% (жылдық тиімді мөлшерлеме – 15,1% дейін); шарт сомасынан 50 пайызын жинақтаған кезде – алдын-ала жинақтаған аралық қалыпты тұрғын үй заемына ие бола алады. Түсім жылдық 8,5% құрады (жылдық тиімді мөлшерлеме – 17,5% дейін). Жеңілдік аралық тұрғын үй несиесінің «Жеңiл» бағдарламасына да әсер етіп, үш жылдан аспайтын, жылдық 9,5% (жылдық тиімді мөлшерлеме – 15,7% дейін) негізгі қарызды өтеу бойынша төлем мерзімін ұзарту.
Аралық тұрғын үй несиесіне тоқтай келе, несие рәсімдеу мақсатында жедел 2 бөлмелі пәтер іздеуге кірістік. Ақырында қиялдаған үйге де тап болдық! Өміріміз де, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен әріптестігіміз де жалғасуда. Үстіміздегі жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің таза әрлеуден өткен әлеуметтік баспана алу мақсатында тұрғын үй бәйгесін қалыптастыруды бастау жөнінде жариялағаны баршамызға мәлім. Алматыда тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы 142 500 теңге, Астана мен Ақтөбеде – 112 500 теңге, ал басқа өңірлерде 90 000 теңгені құрайды, Алматыдан үш бөлмелі пәтерге де ие болармыз.»
Оқиғадағы біздің кейіпкеріміздің оңды өзгерістері Сіздерде де болуы мүмкін, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бағдарламаларымен танысыңыз. Өз өмірін өзгерткісі келетін ел азаматтарына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің есігі әрдайым ашық.
Ибраһим КАППАСОВ.
Қосымша ақпаратты «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың мына телефондары арқылы алуға болады: Алматы қ., 279-35-11, Астана қ., 40-72-76, Талдықорған қ., 24-40-48, Қарағанда қ., 43-62-02, Қызылорда қ., 26-26-64, Павлодар қ., 34-08-99, Өскемен қ., 75-48-65, Атырау қ., 32-04-00, Тараз қ., 42-58-80, Ақтөбе қ., 55-72-21, Ақтау қ., 43-96-91, Қостанай қ., 53-38-20, Петропавл қ., 46-62-26, Көкшетау қ., 32-35-60, Шымкент қ., 21-33-62, Орал қ., 54-03-33, Семей қ., 52-22-90 немесе мына сайтта www.hcsbk.kz