Үкімет • 18 Қазан, 2017

Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының Премьер-Министрімен кездесті

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Сапар Исаковпен келіссөздер жүргізуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің ресми сайты.

Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының Премьер-Министрімен кездесті

Астанаға кешке таман Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Сапар Исаков бастаған үлкен өкілдік делегация келді. Қырғыз делегациясының құрамында бірінші вице-Премьер-Министр Т. Абдығұлов, сыртқы істер министрі Э. Абдылдаев, қаржы министрі А. Қасымәлиев, экономика министрі А. Новиков, мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы А. Сулайманов, мемлекеттік салық қызметінің төрағасы О. Абдыкаимов, экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет төрағасы З. Осмонов, мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы М. Айдаралиев, мемлекеттік шекара қызметі төрағасының орынбасары К. Исаков және өзгелер бар.

Шағын құрамда екіжақты келіссөздер жүргізілді. Қазір екі елдің министрліктері мен ведомстволары басшыларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүріп жатыр. Кездесуге қырғыз тарапы бастамашылық еткен.

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-шілде аралығында $399,2 млн-ды құраған, сондай-ақ, өткен жылдың осы кезеңімен ($311,6 млн) салыстырғанда 28,1%-ға ($87,6 млн) ұлғайған.

Қазақстанның Қырғыз Республикасымен 2017 жылдың қаңтар-шілде аралығындағы сауда теңгерімі оң көрсеткішке ие болып, $127,6 млн-ды құраған. Бұл өткен жылмен ($101,2 млн) салыстырғанда 26%-ға өскен.