Футбол ойынын тамашалаймын деушілерді 19 қазанда сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін «Қазақстан» СК, «Нұр Астана» мешіті, «Жастар» сарайы, «Астаналық цирк» тұрақтарында жинайтын болады. Жүру құны - 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер - жарамсыз.
Айта кетейік, жанкүйерлерді қалаға апаратын автобустар да ұйымдастырылады. Оларды қоғамдық көліктер сағат 22:30-да Қабанбай батыр даңғылындағы стадион тұрағы мен «Астана Арена» аялдамасынан әкетеді. Бұдан басқа, жанкүйерлер қалаға № 10, 12, 28, 40, 51, 303 маршруттық автобустарымен де кері қайта алады.