Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді. Отырыста Үкімет тарапынан әзірленген Ұлттық қауіпсіздіктің 2012-2016 жылдарға арналған стратегиясының жобасы талқыланды.
Қазақстан Президенті өз сөзінде осы стратегиялық құжаттың аясында бейбітшілік пен келісімді сақтауға, қазақстандық қоғамды тұрақты және орнықты дамытуға, мемлекет пен экономиканы одан әрі нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді бейтараптандыруға мүмкіндік беретін, орта мерзімді кезеңге есептелген кешенді шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.
Жобаны талқылау барысында Президент орын алған және болжанған қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың нақты тетіктеріне қатысты бірқатар елеулі ескертулер мен ұсыныстар енгізді. Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар 2010 жылы қабылданған «Сыртқы барлау туралы» Заңды іс жүзіне асыру мәселесін қарады. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сыртқы террорлық және экстремистік қауіптерді дер кезінде табу, одан сақтап қалу үшін барлау органдары қызметінің маңыздылығы атап өтілді.
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлау органдарының жұмысына баға беріп, орын алған проблеманы атап көрсетті және олардың қызметін жетілдіру, соның ішінде Қазақстан басшылығын жедел және сапалы ақпараттандыру мәселелері жөніндегі негізгі бағытын анықтап берді. Талқылаудың қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Үкіметке және өзге мемлекеттік органдарға тиісті тапсырма берді. Олардың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесіне жүктелді.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.
-----------------------------------------
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ұлттық кітапханада Жолтай Әлмашұлының жаңа кітаптары таныстырылды
Қоғам • Бүгін, 15:43
Фристайл-могул: Павел Колмаков Олимпиадада 1/8 финалға дейін жетті
Олимпиада • Бүгін, 15:35
Өскеменде ауаның ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 14:36
Алматы облысында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 13:45
Астанада LRT аялдамасынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 13:14
European Open: Эсмигуль Куюлова ел қоржынына күміс жүлде салды
Спорт • Бүгін, 12:15
Олимпиада-2026: Шорт-трекші Ольга Тихонова 1000 метр қашықтықта өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 11:50
Еліміздің он қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:15
Олимпиада-2026: 15 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:27
Президент Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:10
15 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Бүгін, 09:50
Елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Шаңғымен тұғырдан секіруші Илья Мизерных 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 00:45
Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин ТОП-10 спортшының қатарына кірді
Олимпиада • Кеше
Анна Данилина Дохада өткен турнирде жеңіске жетті
Теннис • Кеше