Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және спорт вице министрі Ақтоты Райымқұлова қатысып сөз сөйледі. «Бұл игі іс Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 25 жылдығынан арналып отыр. Осы жылдарда екі ел арасындағы ынтымақтастық тереңдей түсуде. Биыл 9 қыркүйектегі Түркия Президенті Реджеп Тайип Эрдоғанның Астанаға сапарының осынау екіжақты байланыстардың одан әрі жандана түсуіне ықпал етті»,- деді ол. Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркиямен ынтымақтастыққа баса назар аударатынын да атап өтті.
Түркия мәдениет және туризм министрінің орынбасары Хусейн Яйман Қазақстаннан келген мәртебелі меймандарға ыстық ықыласын білдірді. Сондай-ақ екі халықтың тарихы, ортақ мәдени құндылықтары тереңнен сабақтаса тамыр тартып жатқандығын атап өтті.
Атаулы шараға байланысты Юнус Емре мәдениет орталығында Қазақстан әншілері мен шығармашылық ұжымдарының салтанатты концерті болды.