Бар гәп «ҚазТрансГаз» мекемесінің өзінде сияқты. Түркістаннан сайланған облыстық мәслихаттың депутаты Рақым Тәңірбергенов:
«Спич, труба, пеш – жұрт ал деген нәрсесінің бәрін алып қойды. Енді қосуға келгенде «ҚазТрансГаз» мамандары жарамсыз деп жатыр дейді. Халық шығындалуда. Егер газды қосатын болса, қандай құрылғы, есептегіш құрал қажет екенін алдын ала айтпай ма? Осыған энергетика мамандары не айтады?» дейді.
Іргеге келген газды қосуда осындай қиындықтар туындап жатыр. Қосымша шығындануға халық ықылассыз емес. Ендігі әңгіме сала басшыларында болып тұр.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.