Шымкентте өткен бұл бәсеке жергілікті жанкүйерлердің делебесін қоздырып дегендеріне жеткізді. «Ордабасы» оңай алынатын қамал емес екенін есепті алғашқы болып гол салумен-ақ дәлелдей білді деуге болады. Ойынның 35-інші минутында Еркебұлан Тұңғышбаевтың соққан добы есеп ашты.
Ойынның 60-ыншы минутында «Астана» сапындағы Жорже Деспотович гол соғып есепті теңестірді. Бірақ «Астана» ол теңдікті үш-ақ минут ұстап тұра алды. «Ордабасының» оғланы Абдуллай Диакатенің нар тәуекелмен тепкен добы екінші голға айналды.