Бүгінгі жиында АӨК-ні дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды. Алдымен аталған сала бойынша Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының әкімдері есеп берді.
Кейін Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке ауыл шаруашылығы саласын үнемі бақылауда ұстап отыруды тапсырды.
«Барлық көрсеткіштер бойынша оң нәтиже бар. Дегенмен Асқар Исабекұлы, сіз Елбасының қабылдауында болдыңыз. Осы саладағы барлық мәселені баяндадыңыз. Елбасының тарапынан сізге нақты тапсырмалар берілді. Осы тапсырмаларды тияқнақты орындауымыз қажет. Алда бізді үлкен іс-шаралар күтіп тұр. Бар күш-жігердің барлығын сонда жұмсау керек. Ол ауыл шаруашылығындағы барлық салаларға қатысты болып отыр. Осы жұмыстарды ұйымдастыруға сіз жауап бересіз», деді ҚР Премьер-Министрі.