Қазақстан • 23 Қазан, 2017

Жапониядағы тайфуннан 5 адам опат болып, 80-нен астамы зардап шекті

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияда «Лан» жойқынды тайфунының салдарынан бес адам мерт болып, 85-сі жарақаттанды.

 

Жапониядағы тайфуннан 5 адам опат болып, 80-нен астамы зардап шекті

NHK телеарнасы хабарлағандай, Фукуока қаласында 63 жастағы жергілікті тұрғынды  құрылыс нысаны айналасына орнатылған ағаш сатылар басып қалған. Ал Хонсю аралындағы Кисивада қаласында көлікті теңізге шайып кетіп, ішінен әйел босап шыға алмай көз жұмды. Қалған адамдар үстіне әртүрлі заттар, жарнама қалқандары, ағаштар құлағанан опат болды.

Сондай-ақ Вакаяма префектурасында үйі лай көшкіні салдарынан қираған 82 жастағы зейнеткер із-түзсіз жоғалды. Қатты дауыл мен толассыз жауған жауынға байланысты жолаушылар пойыздарының қозғалысы мен әуе рейстері тоқтатылды.

Фукусима өңіріндегі 81 мың адам жедел эвакуация туралы хабарлама алды. Жапондық басылымдардың хабарлауынша, желдің екпіні 45 м/сек дейін жетеді. 

Метеорологтардың мәлімдеуінше, тайфунның ошағы қазір Хонсю аралының солтүстік бөлігінде орналасып отыр.