29 Қазан, 2011

Палатаның қарауына жіберілді

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Заң жобасының мақсаты үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар субъектілерінің бө­лі­нетін бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі жауапкершілігін арттыру болып та­былады. Жоба мемлекеттік әлеу­мет­тік тапсырыс процесінің жария­лылығы мен ашықтығына, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бой­ынша қызмет берушілерді сапалы іріктеп алуға қол жеткізу, мемлекеттік саясат басым­дықтарын және мемлекеттік әлеу­меттік тапсырысты бөлу кезінде республика мен оның жекелеген өңірлерінің әлеумет­тік-экономикалық даму қа­жеттіліктерін ескеру жөніндегі пәрменді тетіктерді құруға ба­ғытталған. Осы заң жобасымен «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» және «Мемлекеттік са­тып алу туралы» заңдарға өз­герістер мен толықтырулар енгізіледі. Заң жобасы палатаның қа­рауына жіберілді.