29 Қазан, 2011

Басталған жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс

326 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қарағанды облысындағы Нұра ауданының жолдары Аста­на­мыз­­ды азық-түлікпен қамта­ма­сыз етуге тікелей қатысы бар инф­ра­құ­рылым болып та­былады. Ал осы Астана – Қа­банбай батыр – Киевка ба­ғы­тындағы республикалық ма­ңы­зы бар жол жөндеуді талап етіп отыр. Бұл бағытта бас­талған игі істер өз жалғасын тауып, ой­да­ғыдай аяқталса деген ниеттемін. Сонымен, жолдың жалпы ұзын­дығы – 100 шақырым болса, оның ішінде Астана – 16, Ақмола облысы бойынша – 35 (16-51 км) және Қарағанды облысы бойынша 49 шақырымды (51-100 км) құ­рай­ды. ІІІ жол категориясына жа­та­ды. Орташа алғанда тәулігіне 3012 көлік жүріп өтеді. Астана қаласы бойынша 2010 жылдан 7 шақырым (9-16 км) учас­кесі реконструкцияланудан өт­кен­нен кейін І техникалық категорияға ауыстырылатын болады. Биылғы жылдың соңына дейін толық аяқ­тау көзделіп отыр. Ақмола облысы бойынша 2010 жылы жалпы құны 1 746 млн. тең­ге құраған Қарағанды облысының шекарасынан Қабанбай батыр кентіне дейінгі 16 шақырым (35-51 км) тас жол күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген. Соны­мен қатар, Қабанбай батыр кентінен Қосшы кентіне дейінгі 18 шақырымының (16-35 км) құны 2 630,7 млн. теңге болса, осы учаске қазіргі таңда күрделі жөн­деу­ден өтіп жатыр. Үстіміздегі жыл­дың аяғына дейін жолдың құны 585,3 млн. теңге тұратын 4 ша­қы­ры­мын игеру міндеті қойылып отыр. Жалпы, жұмыстың 2012 жылы аяқталуына 1 928 млн. теңге бөлу көзделген. Ал Қара­ған­ды облысы бойынша құны 1 605 млн. теңге құраған 10 шақырымы (51-53 км, 74-77 км, 85-90 км учаскелері) күрделі жөндеуден өткен. Ендігі кезекте ұзындығы 21 шақырым болатын (53-74 км) жолды күрделі жөндеуден өткізу мақсатында оның жобалық-сме­та­лық құжатын жасау жоспарлануда. Үкімет осы 21 шақырымды жөн­деу жұмыстарын алдағы жыл­ға жоспарлап, оның аяқталуын қамтамасыз етуі керек. Өйткені, бұл жол бір жағынан Астана – Қарағанды бағытындағы жолға балама болып, оның жүктемесін жеңілдете түсер еді. Дауылбай ҚҰСАЙЫНОВ, Мәжіліс депутаты.