Қазақстан • 24 Қазан, 2017

Белгілі журналист Оң­дасын Елубай Зайсан ауданында шығармашылық кездесу өткізді

479 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Белгілі журналист, 18 кітап­тың авторы, 20 жылдан ас­там уақыт республикалық «Еге­мен Қазақстан» газетінің Шы­ғыс Қазақстан облысындағы мен­шікті тілшісі қызметін атқарған Оң­дасын Елубай Зайсан ауданында шығармашылық кездесу өткізді. 

 

 

 

G

M

T

 

 

Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский

 

АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Звуковая функция ограничена 200 символами

 

 

Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

Белгілі журналист Оң­дасын Елубай Зайсан ауданында шығармашылық кездесу өткізді

Бір емес, бірнеше Олим­пиа­даға, әлем чемпионаттарына бар­ған жиһанкез журналист ең әуелі өзі туып-өскен Саржыра ауы­лын­дағы мектепте елді мекен жұртшылығымен, білім ордасы­ның ұстаздарымен және оқушы­лармен кездесіп, емен-жарқын әңгіме-дүкен құрды.

«Қайда жүр­сем де Сар­жы­рамды аңсап тұра­мын. Ба­ла кезімізде мына іргедегі Мө­жік өзеніне барып суға түсе­тінбіз», деп балалық бал ша­ғын сағына еске алып, мектеп кітапханасына өзінің және басқа да ақын-жазушылардың 50 кітабын сыйға тартты. Бір жыл­дары ауыл мектебіне жабылу қаупі төнгенде әріптесіміз білім ордасын аман сақтап қалуға үлес қосқан екен. Содан да болар перзенттік парызына адал қаламгерді ауылдастары құшақ жая қарсы алып, жылы лебіздерін білдіріп, сый-құрмет көрсетті. Ал алақандай ғана ауыл Саржыраның оқушылары кездесуді үш тілде жүргізіп, шалғайда болса да өркениет көшінен қалмай келе жатқандықтарын аңғартқандай болды.

Туған ауылынан кейін жур­налист Зайсан қаласындағы М.Дәуленов атындағы орта мектепте аудан жұртшылығымен жүздесіп, шығармашылығының есте қаларлық сәттерінен сыр шертті. Сидней Олимпиадасында желдей жүйткіген жеңіл атлет Ольга Шишигинаның жеңісіне елімізден барған делегация іші­нен жалғыз өзі куә болып, ең алғаш болып құттықтағанын те­бі­­рене еске алып, университетте оркестр құрамында жүргенде Ес­кендір Хасанғалиев пен Нұр­­ғали Нүсіпжановтан дәріс тың­дағанын әңгімелеп, қолына домбырасын алып, күмбірлетіп күй тартып берді. Журна­лиспен Өскеменнен бірге келген қол күресінен әлемнің үш дүркін, Азияның 10 дүркін чемпионы, еліміздегі қол күресі мен гір спортының негізін қалаушы Мұқан Ағзамов кездесуде оның спорт саласына сіңірген еңбегінің зор, мұның жас ұрпаққа берер үлгі-өнегесі мол екендігін тілге тиек етті.

Жылы рәуіште өрбіген жүз­де­су­де сөз алған аудан әкі­мі Те­мір­бек Қасымжанов тағылым­ды ша­раның Елбасының «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отырғанын айтып, жыл бойы Зайсаннан шыққан ел­ге танымал тұлғалардың қа­ты­­­суы­мен бірқатар кездесу ұйым­­дастырылғанын жет­кізді. Кез­­десу барысында О.Елу­бай­дың биыл Алматыда өткен қысқы Уни­версиада жайында сыр шертетін «Алатауды дү­бір­леткен 11 күн» атты кіта­бының тұсаукесері өтті.

 

 

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

 Шығыс Қазақстан облысы,

 Зайсан ауданы