Кәсіпқой бокс • 24 Қазан, 2017

Боксшы Айдар Шәрібаевтың жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаевтың (6-5,5 КО) жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды.


Боксшы Айдар Шәрібаевтың жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Отандасымыз 28 қазан күні жетінші кездесуін өткізеді. Оның бұл жолғы қарсыласы – колумбиялық Карлос Падилла Меза.

Бокс кеші АҚШ-тың Коннектикут штатына қарасты Машантакет қаласындағы «Foxwoods Resort Casino» кешенінде өтеді. Кәсіпқой шаршы алаңға 28 жастағы Карлос Падилла 2010 жылы келген. Осы уақытқа дейін 23 жекпе-жек өткізіп, соның 16-сында жеңіске жеткен. 6 кездесуде қарсыластарына есе жіберсе, біреуінде тең түскен.

«Қарсыласымды бүгін ғана біліп отырмын. Соңғы кездесуін осы жылдың тамыз айында америкалық Остин Дулаймен өткізіпті. Тәжірибесі өз алдына, ол сондай-ақ өте төзімді екен. Қара күшке ие боксшының осал тұстарын да байқадым. Енді барлығын шаршы алаң көреміз», – дейді Айдар Шәрібаев.

Естеріңізге сала кетейік бұған дейін кәсіпқой бокста алты кездесу өткізген Айдар Шәрібаев барлығында жеңіске жеткен болатын.