Парламент • 24 Қазан, 2017

Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы халықаралық құжат қаралды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы № 2967-KАZ Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 2 Дәліз инвестициялық бағдарламасы [Маңғыстау облысындағы учаскелер] – 2-жоба) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы халықаралық құжат қаралды

Құжаттың негізгі мақсаты ОАӨЭЫ 2 Дәліз инвестициялық бағдарламасының 1-қосымшасымен Маңғыстау облысындағы ұзындығы 73 шақырым «Жетібай-Жаңаөзен» жол учаскесін реконструкциялауды қаржыландыру болып табылады.   

Жоба Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім  аясында «Шетпе-Ақтау» жобасы бойынша үнемделген қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады.

Келісім-хатты ратификациялау Қазақстан автомобиль жолдарын дамыту және реконструкциялау бойынша шығындарды тиімді басқаруға бағытталған. Бұдан басқа, осы жобаның іске асуы Қазақстанда көлік дәліздерін дамытуға негізделген және көлікке жәрдемдесу саласындағы шараларды жақсартуға бағдарланған көлік саясатын қалыптастыруға ықпал ететін болады.

Құжат Палата қарауына жіберілді.