29 Қазан, 2011

Қайырымдылық шарасы жалғасуда

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында Көкпекті ауданының әкімі Дүйсенғазы Мусин тілшілер қосынына телефон шалып, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне қайырымдылық шараларының қызу өтіп жатқанын хабарлады. Әкімнің айтуынша, айлық басталғаннан бері ауданда аз қамтылған тұрғын­дармен 40-тан астам кездесулер өтіп, 30-дан астам тегін концерттер беріліпті. Тұрмысы нашар жандарға 15 миллионға жуық теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілген. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында барлық ауылдық округтерде «Мерейлі мерекеге – 20 жарқын іс» акциялары өтуде. Мәселен, Аухадиев атындағы, Көкжайық, Теректі, Казнаковка ауылдық округтерінде ағаш отырғызу, көшелерді көріктендіру, әлеуметтік ғимараттарды жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал қайырымдылық шаралары жыл соңына дейін жалғаса бермек. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы.