Ресейде астық шығымы жоғары болғандықтан әрі экономикалық санкциялар арқылы бұғауланып тасталғандықтан біздің елге ұсыныс төмендеп кетті деген ұшқары пікірлер айтылып қалады. «Олай болса, элеваторлардағы ұзын-сонар кезекті, темір жол бойындағы вагондардың тапшылығын қалай түсіндірер едік?» деген агроқұрылым жетекшілерінің уәжі ойлантпай қоймайды.
Елімізде жиналатын астықтың үштен бірін өсіретін жергілікті диқандардың маңдай терін тамшылата баптаған ризығы Отан қамбасына ырыс болып құйылды. 5,6 миллион тонна алтын дән жиналып, гектар берекелілігі 18,2 центнерден айналған жаз бойғы тынымсыз еңбектің ақталғанын көрсетсе керек.
Астық қабылдайтын және сақтайтын элеваторлар мен қоймалардың жалпы сыйымдылығы 6,6 миллион тоннаны құрайды. 7,5 миллиард теңгеге бір мыңдай жаңа техника сатып алынды. Агроқұрылымдарға мемлекет тарапынан 44 миллиард теңге демеуқаржы берілді. Егіншілікті әртараптандыруға жете көңіл бөлудің арқасында майлы дақылдар алқабы 715 мың гектарға жетіп, келесі жылы 1 миллион гектарға дейін ұлғаяды.
Алайда жылына орта есеппен 1,5-2 миллион тонна сапалы дәнді дақылдарды, 150-200 мың тонна ұн өнімін алыс-жақын мемлекеттерге өткізіп жүрген өңір үшін жылда қайталанатын көңілсіз көріністер мен қолбайлаулардың биыл да орын алуы диқандар қауымының бойына сенімнен гөрі күдікті ұлғайтқан секілді.
«Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» демекші, жылда бітпейтін «жырдың» бірі – темір жол тасымалында қалыптасқан келеңсіз ахуал, атап айтқанда, жүк вагондарымен қамтамасыз етудегі іркілістер. Мәселенің әбден ширығып, республикалық деңгейге жеткені соншалық, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-тың басшылығы Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің және ауыл шаруашылығы өкілдерінің қатысуымен алқалы жиын өткізулеріне тура келді.
Петропавл қаласында бір күнде ғана 178, Булаевта 197, Мамлюткада 279 вагон астықтың кем тиелгенін ескерсек, жағдай дабыл қағарлық еді. Басқосуда облыс басшысының бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров, басқа да шенділер астық экспортына қатысты жергілікті билік тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалып жатқанын, басты проблема республикалық ведомстволарға тіреліп тұрғанын ашып айтты. «Жүк тасымалдары» АҚ-тың жүк жөніндегі атқарушы директоры Сәрсенбек Жапаров астық тасымалдаудағы кідірістерді мойындады. Алайда оның былтырға қарағанда экспорт көлемі 14 пайызға өскенін, локомотивтер мен вагондардың басым бөлігі тозғанын алға тартуы жиынға қатысушыларды қанағаттандырған жоқ. Темір жол паркінің 57 пайызы жекеменшікке тиесілі екенін, 7 мыңнан астам вагонның жетіспейтінін жақсы білеміз. Бізді құрғақ цифрлар емес, темір жол қатынасын тиімді пайдалану, жауапты салалардың өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету, кедергілерді еңсеру бағытындағы нақты қадамдар мен жедел шешімдер көбірек толғантады, десті олар.
– Біздің негізгі қызметіміз – жергілікті агроқұрылымдардан жеткізілетін бидай мен арпаны қабылдау, мемлекеттік стандартқа сай кептіріп, темір жол арқылы ішкі нарықпен қатар сыртқа жөнелту. Алайда жұмысымызда тұралап қалатын жайттар аз емес. Көрші Ресеймен бірыңғай темір жол кеңістігінде болсақ та есе жіберіп жүрміз. Вагондарды жаңғырту үдерісіміз шабан үйректі көзге елестетеді, деді «Есіл-Гарант» серіктестігінің директоры Ақылбек Бекенов. Оның айтуынша азық-түлік тасымалы үшін үсті жабық вагондар, майлы дақылдарға арналған цистерналар тапшы.
Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда астық тиелген вагондарды кідіріссіз жөнелту бір машақат. Өткен жылы тапсырыс берген платформаларды 10-20 күн күтіп қалған фактілер болған. «Икеа-Тас груп»» ЖШС-ның жетекшісі Бахтияр Шайкеновтың сөзіне қарағанда, шетелдіктер вагондардың техникалық жағдайына, жарамдылығына, тазалығына да көп кінәрат тағатын көрінеді. Тіпті, цемент тиелген вагондарға қант, ұн тиеу секілді оғаш жайттар кезіккен.
Сөйлеушілердің қай-қайсысы да экспорттық сауда-саттық темір жол компаниясына тікелей тәуелді екендіктерін жасырмады. Шынында да жыл өткен сайын отандық ауылшаруашылық өнімдерін өткізу, сату нарығының аясы кеңіп келе жатқанын біле тұра астық тасымалдайтын жүк жөнелтушілермен жасалған келісім - шарттардың орындалмауы, жиі бұзылуы түсініксіз. Астықты өлке саналатын Қызылжар өңірінің экспорттық байланысы осылай кедергіге ұшырап, жағдай түзелмейтін болса, өзара сенімге сызат түсіп, тұрақты байланыстан айрылып қалуы ғажап емес.
Диқандардың Азық-түлік корпорациясына деген сенімі де азайып бара жатқан тәрізді. Бүгінге дейін жергілікті өкілдікпен бірде-бір шарттың жасалмауы осындай ойларға еріксіз жетелейді. Қамбасы астыққа толы егіншілердің көңілін күпті етіп отырғар жайттың бірі – басқа жылдарға қарағанда қамырлылығы жоғары, сапасы жақсы бидай өніміне лайықты баға қойылмауында жатса керек. Өкілдік директоры Рамазан Әсіп 3- класты бидайдың әр тоннасы 48-52 мың теңгеге бағаланатынын айтып қалды. Түбірлей сұрағанымызда «52 мың» межені бағындыру үшін қамырлылық 30-дан кем болмауы және өнім халықаралық стандарттарға сай келетін арнайы қапшықтарға салынуы қажет екенін айтты. Баға қанша қызықтырса да, бұл талапты орындауға екінің бірінің қаржылық шамасы келе бермеді. Осылайша, не шетелге, не мемлекетке өткізе алмаған соң делдалдарға саудалауға, ал түскен азын-аулақ табысты алған несиені жабуға , бюджет салығын төлеуге мәжбүр болады.
Хош, сонымен кәсіпкерлер палатасы, тағы басқа мүдделі ұйымдардың ұсыныс-тілектері топтастырылып, облыстық әкімдік атынан тиісті министрліктерге хат жолданғанын естіп, оның қорытындысын білу үшін ат басын Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті облыстық аумақтық инспекциясына бұрдық. Өйткені біз жоғарыда сөз еткен жиында астық тасу құжаттарын ресімдеуде қағазбастылықтың, әкімшілік кедергілердің жиі орын алатыны, алыс аудандағылардың фитосанитарлық рұқсат алу үшін облыс орталығына сабылатыны, республикалық ветеринарлық зертхананың бірден-бір бөлімшесі Петропавл қаласында ғана орналасқаны, оның мерзімі екі аптаға дейін созылып кететіні, демалыс күндері тиісті мемлекеттік мекемелердің есігінде қара құлып тұратыны айтылған болатын. Алайда бізге берілген жазбаша жауап ауанынан аңғарғанымыздай мәселе сиырқұйымшақтанып, тағы да тұйыққа тірелгендей. Себебі, қолданыстағы стандарттар мен регламенттерге сәйкес демалыс және мереке күндері мемлекеттік қызметтер көрсету қарастырылмаған. Ол үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірқатар бұйрықтары мен ережелеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажет.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы мамандарының айтуынша, бұл мәселенің шешім табуы ұзақ уақытқа созылатын сыңайлы. Жаз айында жұмыс тобының бір отырысы өткенімен, ортақ қорытындыға келе алмағанға ұқсайды. Өнім сапасын айғақтайтын құжат «Қазагроэкс» АҚ-тың жергілікті бөлімшесінен алынады. Салық органдарына бірқатар құжаттар тапсырылады. Құжаттық рәсімдеу тізбегі осылайша жалғасып кете береді.
Темір жол бойындағы келеңсіздіктерге апталап күтуге тура келетін шамадан тыс қағазбастылықтылықты қоссақ, шаруа адамының жүйкесі темір еместігін, оның соңы нарық та қарық қылмайды екен деген түңілушілік пен сарыуайымға соқтыратынын амалсыз ұққандай боласың.
– Біздің негізгі қызметіміз – жергілікті агроқұрылымдардан жеткізілетін бидай мен арпаны қабылдау, мемлекеттік стандартқа сай кептіріп, темір жол арқылы ішкі нарықпен қатар сыртқа жөнелту. Алайда жұмысымызда тұралап қалатын жайттар аз емес. Көрші Ресеймен бірыңғай темір жол кеңістігінде болсақ та есе жіберіп жүрміз. Вагондарды жаңғырту үдерісіміз шабан үйректі көзге елестетеді, – деді «Есіл-Гарант» серіктестігінің директоры Ақылбек Бекенов. Оның айтуынша азық-түлік тасымалы үшін үсті жабық вагондар, майлы дақылдарға арналған цистерналар тапшы.
Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда астық тиелген вагондарды кідіріссіз жөнелту бір машақат. Өткен жылы тапсырыс берген платформаларды 10-20 күн күтіп қалған фактілер болған. «Икеа-Тас груп»» ЖШС-нің жетекшісі Бахтияр Шайкеновтің сөзіне қарағанда, шетелдіктер вагондардың техникалық жағдайына, жарамдылығына, тазалығына да көп кінәрат тағатын көрінеді. Тіпті, цемент тиелген вагондарға қант, ұн тиеу секілді оғаш жайттар кезіккен.
Сөйлеушілердің қай-қайсысы да экспорттық сауда-саттық темір жол компаниясына тікелей тәуелді екендіктерін жасырмады. Шынында да жыл өткен сайын отандық ауылшаруашылық өнімдерін өткізу, сату нарығының аясы кеңіп келе жатқанын біле тұра астық тасымалдайтын жүк жөнелтушілермен жасалған келісімшарттардың орындалмауы, жиі бұзылуы түсініксіз. Астықты өлке саналатын Қызылжар өңірінің экспорттық байланысы осылай кедергіге ұшырап, жағдай түзелмейтін болса, өзара сенімге сызат түсіп, тұрақты байланыстан айырылып қалуы ғажап емес.
Диқандардың Азық-түлік корпорациясына деген сенімі де азайып бара жатқан тәрізді. Бүгінге дейін жергілікті өкілдікпен бірде-бір шарттың жасалмауы осындай ойларға еріксіз жетелейді. Қамбасы астыққа толы егіншілердің көңілін күпті етіп отырған жайттың бірі – басқа жылдарға қарағанда қамырлылығы жоғары, сапасы жақсы бидай өніміне лайықты баға қойылмауында жатса керек. Өкілдік директоры Рамазан Әсіп 3-класты бидайдың әр тоннасы 48-52 мың теңгеге бағаланатынын айтып қалды. Түбірлей сұрағанымызда «52 мың» межені бағындыру үшін қамырлылық 30-дан кем болмауы және өнім халықаралық стандарттарға сай келетін арнайы қапшықтарға салынуы қажет екенін айтты. Баға қанша қызықтырса да, бұл талапты орындауға екінің бірінің қаржылық шамасы келе бермеді. Осылайша, не шетелге, не мемлекетке өткізе алмаған соң делдалдарға саудалауға, ал түскен азын-аулақ табысты алған несиені жабуға , бюджет салығын төлеуге мәжбүр болады.
Хош, сонымен кәсіпкерлер палатасы, тағы басқа мүдделі ұйымдардың ұсыныс-тілектері топтастырылып, облыстық әкімдік атынан тиісті министрліктерге хат жолданғанын естіп, оның қорытындысын білу үшін ат басын Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті облыстық аумақтық инспекциясына бұрдық. Өйткені біз жоғарыда сөз еткен жиында астық тасу құжаттарын ресімдеуде қағазбастылықтың, әкімшілік кедергілердің жиі орын алатыны, алыс аудандағылардың фитосанитарлық рұқсат алу үшін облыс орталығына сабылатыны, республикалық ветеринарлық зертхананың бірден-бір бөлімшесі Петропавл қаласында ғана орналасқаны, оның мерзімі екі аптаға дейін созылып кететіні, демалыс күндері тиісті мемлекеттік мекемелердің есігінде қара құлып тұратыны айтылған болатын. Алайда бізге берілген жазбаша жауап ауанынан аңғарғанымыздай мәселе сиырқұйымшақтанып, тағы да тұйыққа тірелгендей. Себебі, қолданыстағы стандарттар мен регламенттерге сәйкес демалыс және мереке күндері мемлекеттік қызметтер көрсету қарастырылмаған. Ол үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірқатар бұйрықтары мен ережелеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажет.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы мамандарының айтуынша, бұл мәселенің шешім табуы ұзақ уақытқа созылатын сыңайлы. Жаз айында жұмыс тобының бір отырысы өткенімен, ортақ қорытындыға келе алмағанға ұқсайды. Өнім сапасын айғақтайтын құжат «Қазагроэкс» АҚ-тың жергілікті бөлімшесінен алынады. Салық органдарына бірқатар құжаттар тапсырылады. Құжаттық ресімдеу тізбегі осылайша жалғасып кете береді.
Темір жол бойындағы келеңсіздіктерге апталап күтуге тура келетін шамадан тыс қағазбастылықты қоссақ, шаруа адамының жүйкесі темір еместігін, оның соңы нарық та қарық қылмайды екен деген түңілушілік пен сарыуайымға соқтыратынын амалсыз ұққандай боласың.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы