"Астана" сапына ауысқан Бильбао «Джиро д’Италия» гранд турында 4-орын алды. Осы нәтиженің арқасында ол болашақта мықты шабандоз бола алатынын дәлелдеді. 27-жасқа толған испан жігіті одан бөлек "Вуэльта" көпкүндігінде тамаша көрсеткіш тіркеді. "Биыл командаға алынып, бой үйреткен Пельо келесі жылы одан да мықты шабандозға айнала түседі деген үмітпен біз онымен келісімді 2 жылға ұзарттық" деп мәлімдеді команда бас менеджері Александр Винокуров.