Жиын барысында облыс басшысы жыл соңына дейін өңірде «Рухани жаңғыру» атты музей ашу жоспарланып жатқанын баяндады.
«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттер өңірімізде жоспарға сай жүзеге асырылып келеді. Латын әліпбиін қолдау, Туған Жер және де бағдарламаның басқа да бағыттарды облыс тұрғындары белсенді қолдайды. Облысымыздан Қасиетті орындар тізіміне алдымен ортағасырлық «Жайық» қалашығы мен «Бөкей Ордасы» тарихи-музей кешені кірсе, қазір олардың саны алтауға жетті. Яғни, қосымша Тақсай қорған кешені, (б.з.д VI-V ғ.) Жұмағазы хазірет (ХІХ ғ), Ғұмар Қараш зираты және Жымпитыдағы Алашорда музейі. Сонымен қатар, өңірімізде жыл соңына дейін «Рухани жаңғыру» атты музей ашу жоспарлануда. Өңірімізден Қасиетті Қазақстан тізіміне енген тарихи орындардың көшірмелері, латын тілінде шыққан баспасөз, Алаш мұралары және тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері қамтылмақ. Сонымен қатар, аталған бағдарлама бойынша 20 жоба және 113 кіші жоба жүзеге асырылуда» деді Алтай Көлгінов.
Рауан Қайдар,
"Егемен Қазақстан"