Күрес • 26 Қазан, 2017

Астанада Қазақстан бокс күні аталып өтіледі

27 реткөрсетілді

29 қазан күні Астана қаласындағы «Керуен» сауда орталығында Қазақстан бокс күні аталып өтілмек.

Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, ұлттық құрама команда мүшелері қатысады. «Бұл күні жанкүйер болып, қолдау білдіруге келген азаматтар былғары қолғап шеберлерімен суретке түсіп, қолтаңба алу, сондай-ақ қызықты ойындарға қатысып, әртүрлі сыйлықтар алу мүмкіндігіне ие болады», - делінген хабарламада.

Шара сағат 16:00-де басталады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар