«Қазақ күресі халықаралық федерациясы» ЗТБ Бас хатшы кеңесшісі Ұлан Рысқұлдың сөзінше Қазақстан атынан тартысты додада ел намысын 8 салмақ дәрежесінде балуандар және түйе палуан қорғайды
«Олардың қатарында Марат Нығматуллаев 55 келі, Қуаныш Ысқақов 60 келі, Қасымхан Төленбай 66 келі, Ғалымжан Әбдірахманов 74 келі, Ерсұлтан Мұзафаров 82 келі, Әділжан Ыстыбаев 90 келі, Александр Касачев 100 келі, Руслан Әбдіразақов 100+ келі, Айбат Сейтен (түйе палуан) бар»,- дед і«Қазақ күресі халықаралық федерациясы» ЗТБ Бас хатшы кеңесшісі Ұлан Рысқұл.
Баспасөз мәслихаты барысында Федерация Президенті Қанат Бозымбаев Әлем чемпионатына 40 төреші қазылық ететінін баяндады.
«Әлем чемпионатына 40 төреші қазылық етеді. Оның 9 шетелден шақырылған. Чемпионаттың бас төрешісі Халықаралық дәрежедегі судья Мақсат Ахметбеков» деді спикер.
Айта кететін тағы бір жайт, 27-ші қазанда «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында спортшыларды өлшеу және жеребе тастау шарасы жоспарланған. Ал, 28-29 қазан күндері «Барыс-Арена» мұзайдын сарайында жарыс болады.
Сайыстың алғашқы күні спортшылар 55, 90, 100, 100+ және келесі күні 60, 66, 74, 82 және абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды.
Іс-шараның басты ұйымдастырушысы: ЗТБ «Қазақ күресі халықаралық федерациясы».