Кино • 26 Қазан, 2017

Қазақстандық журналист халықаралық фестивальдің лауреаты атанды

247 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

EuroChem Cup 2017 жеңімпаздары жайлы репортаж халықаралық фестивальдің лауреаты атанды.

Қазақстандық журналист халықаралық фестивальдің лауреаты атанды

Тольяттиде Алтыншы Халықаралық спорттық кино және телевизия фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Байқауға келіп түскен барлық 180 өтінімнің ішінен қорытынды тізімге 27 фильм енді. Фестиваль қатысушылары мен қазылар алқасы бір күн бойы телевизиялық фильмдер мен хабарларды көріп, талқыға салды.

Жамбыл облысы Тараз қаласынан қатысқан қазақстандық журналист, «Жамбылспорт» телебағдарламасының авторы Найымбек Бағбанов «Ең үздік телебағдарлама» аталымында осы беделді фестивальдің жеңімпазы атанды. «EuroChem Cup 2017» халықаралық жарысының чемпионы атанған «Алматы-2005» балалар хоккей командасы туралы оның деректі фильмі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Естеріңізге салсақ, ЕуроХим минералды-химиялық компаниясының «EuroChem Cup 2017» жүлдесі үшін ұйымдастырылған Алтыншы Халықаралық балалар хоккей жарысы 2017 жылдың 24-27 мамыр күндері Новомосковск қаласының «Юбилейный» спорт сарайының (РФ Туль облысы) мұз алаңында өткен болатын. Додаға Ресей, Қазақстан, Финляндия, Литва, Германия, Бельгия, Швейцария және Эстония сынды 8 елдің 12 командасы қатысты.

«Алматыдан келген жас хоккейшілер биыл «EuroChem Cup» жарысында өте мықты әрі қызықты ойын көрсетті. Олар Германия және Литва, сондай-ақ, Ковдор, Новомосковск және Салават атынан қатысқан ресейлік командаларды жеңіп шықты. Команданың ойыны тоғыз дүркін әлем чемпионы Владимир Петровтың жоғары бағасына бөленді. Алматылық балалар хоккейі туралы сюжет үшін Владимир Петров өміріндегі соңғы сұxбатын берді», - деп атап өтті «ЕуроХим» минералды-химиялық компаниясының қоғамдық байланыс және коммуникациялар департаментінің директоры Владимир Торин. Сондай-ақ, ол «ЕуроХим» компаниясы қызмет жасап жатқан шағын қалалардағы әлеуметтік бағдарламаларды, соның ішінде хоккей спортын қолдау үшін жыл сайын 18 млн. АҚШ доллары бөлініп отыратынын атап өтті. «Біз Жаңатас және Қаратау қалаларында да ауқымды спорт бағдарламаларды дамытатын боламыз. Келесі жылы біз Қазақстанның осы қалаларынан жас жігіттерді халықаралық жарысымызда күтеміз», - деп қосты Владимир Торин.